Қоғам

Сабина Алтынбекова алғаш рет ана атанды – фото

© Photo : VK/Сабина Алтынбекова Сабина Алтынбекова
Сабина Алтынбекова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
Әлемдегі ең сұлу волейболшылардың бірі, қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова сүйінші жаңалығын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан - Sputnik. Қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова алғаш рет ана атанды. Ол 5 қазан күні ұл босанды.

"Бірде-бір ер адамды сендей күткен емеспін, ұлым. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Ол бұған дейінгі жазбаларында қуанышты жаңалығы бар екенін меңзеген болатын. Алайда ешкім нақты білмеді.

"Биылғы күз ерекше боласың", - деп жазды Алтынбекова бір апта бұрын.

Жас ананы спортшылар мен шоу-бизнес жұлдыздары құттықтады. Илья Ильин сәби мықты, бақытты бала болсын деген тілек білдірді. Жазбаның астына Аша Матай, Әсел Сәдуақасова, Жансая Әбдумәлік те құттықтау қалдырды.

Алтынбекова былтыр желтоқсан айында продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққан болатын.

Сәбина Алтынбекованың күйеуі туралы не білеміз

Ашық дереккөздерде спортшының күйеуі туралы ақпарат аз. "Одноклассники" желісіндегі парақшасында оның 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

Сонымен қатар Саят Тостықбаевтың қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі.

Айта кетейік, бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мәлімдеген болатын. Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көретінін жасырмады. Алайда Алтынбекова Хамитовті өмірінде бір-ақ рет көргенін айтты.

Жаңалықтар
0