терезенің ар жағындағы ер адам

Үй кезегін тексерген петропавлдық азамат өзінің "қайтыс болғанын" білді

329
(Жаңартылды 19:47 06.10.2021)
Өз кезегімді көру үшін кірдім де, таңғалдым. Мені тізімнен наурызда шығарып тастаған, дейді Александр Рябуха

АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Петропавлда жетім жігітті пәтерге тұрған кезегінен "қайтыс болуына байланысты" шығарып тастаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны Александр Рябуха төрт жылдан астам уақыттан бері жетім ретінде мемлекеттік қордан баспана алу кезегінде тұр. Ол тұрақты түрде кезектің қалай жылжып жатқанын бақылап отырады.

Алайда жақында өзінің тізімнен "кезекте тұрған адамның қазасына" байланысты алынып тасталғанын анықтаған.

Оның сөзінше, тізім жарты жыл сайын жаңарады. Мұның алдында кезекте өзіне дейін 1 451 адам бар екенін көрген. Енді тым болмаса 50 адамға жылжыған болар деген үмітпен тексерген.

"Өз кезегімді көру үшін кірдім де, таңғалдым. Мені тізімнен наурызда шығарып тастаған. Ол жерде "кезекте тұрған адамның қайтыс болуына байланысты" деп көрсетілген. Таңғалып, ашуландым. Екі күн бойы инстанцияларға жүгіріп, тірі екенімді дәлелдедім. Міне, прокуратураға арыз жаздым. Маған сотқа жүгінуге кеңес беретін шығар", - деді Рябуха.

Сонымен қатар қалалық әкімдік бұл жағдай техникалық ақауға байланысты орын алғанын, сондай-ақ немқұрайлық та болуы мүмкін екенін айтты.

"Республикамызда кезекте тұрғандардың барлығы бір дерекқорға біріктірілген. Әкімдік мәртебесін өзгерте алмайды, ТҮКШ бөлімі тек тексереді. Наурызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің түгендеу кезінде ол "өлі" болып шықты. Деректер базасында оның мәртебесі қайтыс болған адам ретінде анықталғаннан кейін, ол автоматты түрде алынды", - деп түсіндірді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ибраев.

Оның айтуынша, жас жігіт 5 қазанда қала әкімінің атына кезекке қайта тұру туралы өтініш жасаған. Өтініш қаралды, кезегі қалпына келтірілді.

"Қазір Александр Рябуха кезекте 1 342 болып тұр. Біз не болғанын анықтауға тырысамыз. Осыдан кейін тиісті ұйымдастырушылық тұжырым жасалады", - деп атап өтті Ибраев.

Қазір Петропавлда тұрғын үй алу кезегінде 14,7 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде 1,7 мыңы – жетім балалар. Биыл жетім балаларға 65 пәтер берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Оқи отырыңыз: 

329
Кілт сөздер:
Петропавл, кезекке тұру, пәтер
Тақырып бойынша
"Азия Авто" басшысы өлі табылды
Интернетте танысқан жігітпен кездескен: Алматыда үш күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео
Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті түрмеде өлі күйінде табылды
астрология, гороскоп

Астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты

5285
(Жаңартылды 15:54 24.10.2021)
Бұл белгілердегі әйелдердің бәрі алған бетінен қайтпайтын еңбекқор келеді. Әрқашан дамуға, жаңа биіктерге ұмтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты. Олар өмірде жетістікке оңай жетеді. Өйткені интеллект туа бітеді, деп жазады Times of India басылымы.

Сарышаян — ең ақылдылардың бірі. Бұл белгінің өкілдері өз идеясын жүзеге асыру жолында тыным таппайды.  Сарышаяндар әрдайым табандылық танытады. Олар өзгелерге жұмбаққа толы, тұйық адам болып көрінеді.

Балықтар табиғатынан ақылды. Жаңа әрі түрлі көзқарасты оңай талдап, қабылдай алатын керемет қабілетке ие. Балықтар әрқашан өсуге және дамуға дайын, бұл олардың ақылды болуына көмектесетін маңызды қасиеттердің бірі. Балықтар эмоционалдық тұрғыдан да ересек.

Тауешкі әйелдер өте ақылды және өз ісіне адал. Олар қажетсіз нәрсеге уақыт жұмсауды ұнатпайды. Тауешкі тынбай еңбектенеді.

Суқұйғыш өзінің шығармашылық қабілетін мақтан тұтуы мүмкін. Олар мұндай жұмысты оңай орындайтынын жақсы біледі, сондықтан әдетте көп мақтанады. Бұл белгінің өкілдері суыққанды болады.

Таразы, әдетте, білімді және таразыны қалай теңестіру керектігін біледі. Олардың тапқырлығы, расында да, таңғалдырады. Өйткені  бар жұмысты  өте жақсы орындайды. Бұл белгінің өкілдері сирек қателеседі.

5285
Кілт сөздер:
астролог, әйелдер, ақыл
Тақырып бойынша
Қазақстандық маман қараша айында не істеуге болмайтынын айтты
Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады
Саясаттағы ықпалды қазақстандық әйелдер туралы не білеміз
Әлемдегі ең ұзын әйелдер – 10 таңғажайып фото
Жас ғалым әйелдер үшін арнайы квота енгізіледі – БҒМ
Архивтегі сурет

Сегіз жасар оқушы Қазақстанның Шекара қызметіне қабылданды

132
Ұлан айына кемінде үш рет теңізге келеді. Күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Ақтаулық сегіз жасар оқушы Ұлан Төлеуханов еліміздегі "ең жас шекарашы" атанды.

Жуырда жеткіншекті Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапаттады.

Бүгінде жас өрен Каспий теңізінің аумағын күзетуге үлес қосып жүр. Құрдастары телефонда ойын ойнаса, жас шекарашы қызығушылығын күнделікті ісіне айналдырған, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

"Кемеде командирдің қызметі қиын деп ойлаймын, ол теңізшілерге тапсырма  береді, қателік болып қалса, ойланады, қайтадан айтып, істетеді. Қателік болмау керек. Ауа-райы жаман болуы мүмкін, шайқалып жатуы мүмкін. Достарым да көрді, суреттеріме қарап қызығады, медаліме, формама қызығады", - дейді шекара қызметінің үздігі Ұлан Төлеухан.

Ұлан айына кемінде 3 рет осында келеді. Мұнда күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды. Әскери көлікте өзін еркін сезініп, кәдуілгі теңізшілердей әрекет етеді. Ата-анасы да ұлын қолдайды.

"Үйінде жүргендей сезініп жүреді. Жас сарбаздармен тіл табысып алған, командирлердің бәрін біледі. Ұланның шекара қызметінде туылғаннан бастап, менімен бірге шекара қызметінде шекара заставаларына шығып жүрді. Әскери киім кигісі келді. Жұмыстан келген уақытта фурашкамды, көйлегімді киіп жүреді, төсбелгілерімді тағып жүреді", - дейді әкесі, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы департаменті әскери-патриоттық басқармасының аға офицері Ерсін Қайбуллин.

Ұлан "Жас шекарашы" әскери патриоттық үйірмесінің мүшесі. Осында әскери қызметтің алғашқы әліпбиін таныған. Түрлі шараларға атсалысып, департамент ұйымдастырған патриоттық конкурстарға қатысады. Сондықтан да арнайы төсбелгі алып, экипаж мүшесі болуға мүмкіндік алған.

Оқи отырыңыз: Шекарашылар күні: ел шебін күзетіп жүргендердің тыныс-тіршілігі – фото

"Ұлан таудай талабымен Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің беделін көтеруге атсалысуда. Клубтың басты мақсаты – жастарымызды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс шара бойынша ардагерлермен кездесу, сұхбаттар өткізу, сонымен қатар әскери бөлімшелерге барып, қару-жарақ, техника түрлерімен танысу, ашық есік аясында бір күндік әскери қызметшілерің, шекарашылардың өмірімен танысу жоспарлануда", - деді ҚР ҰҚК ШҚ МО департаменті тәрбие-идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері Рамиль Жексенбаев.

Ақтауда әзірге бір үйірме бар. Алдағы уақытта тағы екеуін ашу жоспарланған. Осылайша, Ұлан сияқты жас патриоттарды дайындау көзделіп отыр. 

Айта кетері, шекара қызметі тек жағалауды күзетпей, браконьерлерді де қолға түсіреді. Ұлан да болашағын осы мамандықпен байланыстырады.

132
Кілт сөздер:
шекарашы, теңіз, Ақтау
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

139
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

139