зейнеткер

Еңбек министрлігі базалық зейнетақы қалай есептелетінін түсіндірді

151
2018 жылдан бері базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесіне қарай әр алушыға жеке тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 1 қазандағы жағдай бойынша 99 887 теңгені құрады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елде 2 млн 229 мың адам зейнетақы алады.

Осы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 614,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 390, 1 млрд теңге жұмсалды.

Қазақстан халқы қартайып барады: қарт адамдар үлесі 11%-ке жетті

Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Зейнетақы жинағы "Отбасы банкіне" аударылады – Тоқаев тапсырмасы

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

151
Кілт сөздер:
зейнетақы, Еңбек министрлігі, теңге
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын пайдалану: қазақстандықтардың шотына қанша қаржы аударылды
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады
Жарты жылда қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 145 млрд теңгеге азайды
Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе
Аяжан Еділова

Аяжан Еділованың өлімі: іс сотқа өтті

42
(Жаңартылды 18:52 20.10.2021)
Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Аяжан Еділованың өлімі туралы қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алдын ала сот тыңдалымында істің алқабилермен немесе соттың жеке төрелігімен қаралуы туралы мәселе шешіледі.

Процестік шешім қабылданғаннан кейін іс қаралатын күн туралы қосымша хабарланады. 

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің "Зорлау" туралы 120-бабы және "Өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру" туралы 99-бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Алматы қаласының мамандандырылған соты тергеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурызда сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады.

Қыздың денесі бөлшектеліп, қоқысқа лақтырылғаны белгілі болды. 

Аяжан Еділова қандай еді

Әпкесінің сөзінше, Аяжан бір көрген адаммен тез араласып, бір сағатта туысқан секілді сөйлесіп кететін болған. Сондай-ақ оның өте сенгіш және адам жатырқамайтын мінезі болғанын айтты.

Туыстарының сөзінше, Аяжан Еділова Алматыға қайтыс боларынан екі ай бұрын келген. Оған дейін карантин кезінде Талдықорған қаласында туыстарының жанында болған. Алматыдағы сән салоны мен тігін цехына жұмысқа орналасқанына да бір айдай болған.

"Осы жолы Алматыға жібермей қойдым. Коронавирустың күйіп тұрған кезі еді. Біреуге жақын отырып тырнақ жасайсың, "сен маған аман-есен керексің" деп айттым. Ортаға апасын салып, әкесін салып жүріп, бой бермей, кетті. Әйтпесе үйде байлап ұстап отырғанмын. Үйде отырып күйзеліске түсті. Жұмыс істеп, жүріп үйреніп қалған қыз ғой. Бір күні жұмыстан келсем, жылап-жылап көзі ісіп кетіпті. "Менің өлгім келмейді, өмір сүргім келеді" деп айтты", - дейді әпкесі Аяжанның коронавирус жұқтырып алудан қорыққанын айтып.

Содан қалада жұмыс істеп жүрген Аяжан ең соңғы рет жақындарымен телефон арқылы сөйлескен кезде наурыз мерекесіне үйіне баратынын айтқан.

"Ең соңғы рет анасына видео арқылы хабарласып, наурыз мерекесіне келетінін айтты. Жұмыстарын айтып, соларды бітірген соң 4 күн демалысқа келемін деді. "Сағынып кеттім" деп қоштасқандай еркелегені есімде. Анасы жолға қарап, әлі күтетін сияқты. "Келемін" деп айтқаннан кейін олар күтіп жүрді. Мұндай хабар келеді деп күткен жоқ. Шешесі әлі күтіп жүр. Аяжан оқуда жүрген сияқты сезімдеміз", - дейді Нұргүл Әбеутәліпова.

Айтуынша, Аяжанның анасы біраз уақытқа дейін істің мән-жайын білмеген. Тек қайтыс болғанын естіген.

"Ата-анасының жағдайы өте ауыр, олар күйзелістен әлі шыға алған жоқ. Стрессте жүр. Күліп отырып жылай салуы мүмкін, жылап отырып күле салуы мүмкін", - дейді әпкесі.

Оқи отырыңыз: 

42
Кілт сөздер:
қылмыс, сот, Алматы
Кальмар ойыны

"Кальмар ойыны" бала психикасына қауіпті ме? Министрлік жауабы

182
(Жаңартылды 16:21 20.10.2021)
Сериал әлемнің 90 елінде кеңінен танымал болды. Басты рөлді сомдаған барлық актер бірден әлем деңгейіндегі жұлдызға айналды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова балалар мен жасөспірімдер арасында "Кальмар ойыны" атты оңтүстік кореялық сериалдың танымалдылығына қатысты пікір білдірді.

"Бұл қазақстандық өнім емес. Фильмнің белгілі бір шектеуі бар, ол 18 жастан асқан адамдарға арналған. Сондықтан ата-аналар ең алдымен осы тұсқа мән беруі керек", - деді Каринова баспасөз конференциясы кезінде.

Ол ата-ана да, мектеп те балаларға тәрбие беру аясында пайдалы ақпаратты негативтен ажырата белуге дағдыландыруы керек екенін айтты.

"Мектептерде де осы мәселеге назар аудару керек. Бала психикасы енді қалыптасып жатқандықтан, кез келген ақпаратты мектепте мұғалім, үйде ата-ана қадағалуы керек", - деді вице-министр.

Ол барлық білім беру мекемесінде "Жаһандық құзыреттер" курсы таңдау бойынша енгізіліп жатқанын айтты. Курс балалардың бойында сыни ойлау мен эмоциялы интеллектті дамытуға бағытталған.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, басты сыйлық үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематографына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сеиал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді.

Оқи отырыңыз: 

182
Кілт сөздер:
қауіпті ойын, бала, психика
Виды города Нур-Султан с высоты птичьего полета

Қазақстанда 21 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 21-26 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
19.00 – "Жұбайлар жұмбағы" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Байтұрсынов көшесі, 25/1).

19.00 – "Дон Паскуале" спекатклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев 1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Қара шекпен" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Үйлену" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы 103).

18.30 – "Жәмилә" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Севильский цирюльник" операсы (Абай атындағы Қазақ МАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Любовница" ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 – "NE PROSTO ORCHESTRA" концерті (Республика сарайы, Достық 56)

19.00 – Amy Winehouse от "Vina"s Band" трибюті (La Boheme театры, павильон 2, Зенков, 24).

20.40 – "Утопия. Возвращение в сон" спектаклі (Пространство "ДОМ",  Бәрібаев көшесі, 36).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
14.00 - "Nobel Fest" үшінші Нобель фестивалі. Тақырыбы: "Будущее уже сегодня". Фестиваль онлайн өтеді (Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз. Байланыс: Батихан Қалыбеков, Нобель фестивалінің баспасөз қызметі, kalibekov@inpolicy.net, Instagram: @nobel_fest).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

0