Полиция көлігі

Нұр-Сұлтанда он шақты адам полиция автобусынан қашып шықты видео

984
Полиция автобусынан қашып шыққан адамдар клуб маңында түнде төбелес шығарған астаналықтар болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда он шақты адамның жүріп бара жатқан полиция автобусынан қашып шыққан сәті видеоға түсіп қалды.

Елорда полиция департаментінің ақпаратынша, 11 қазанға қараған түні сағат 01:24-те "102" нөміріне Жұмабаев көшесіндегі клубтың жанында төбелес болғаны туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына полиия жасағы келді, алайда төбелес фактісі расталған жоқ. Анықталғандай, жастар мас болған.

"Полиция бөліміне жеткізу кезінде бұзақылар автобустан қашып шыға бастады. Барлығы ұсталып, Алматы ауданы полиция басқармасына жеткізілді", - деп мәлімдеді елорда департаменті.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін оларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

Бұған қоса, құқыққорғаушылар клуб әкімшілігінің карантинді бұзғанын анықтады. Жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: 

984
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, полиция, автобус, адам
Мемлекет басшысы Ұлытау ауданындағы Жошы хан тарихи-мәдени кешенін аралап көрді

Президент Алтын ордаға байланысты халықаралық конференция өткізу туралы ұсыныс айтты

10
Президент Жошы хан кесенесі үнемі ғалымдардың назарында болып, ғылыми айналымға түсуі керек екеніне баса мән берді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін аралап көрді.

Президентке Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, жорық шатыры және қонақ үйден тұратын кешеннің заманауи технологиялық мүмкіндіктері мен қордағы құнды жәдігерлер таныстырылды.

Мемлекет басшысы қасиетті тарихи нысанның үнемі ғалымдардың назарында болып, ғылыми айналымға түсуі керек екеніне баса мән берді.

"Келесі жылы шетелдің және еліміздің белгілі ғалымдарын шақырып, Алтын Ордаға байланысты үлкен халықаралық конференция өткізу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндама жасап, Президентке курорттық аймақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес Ұлытау, Қарқаралы аудандарының, Балқаш қаласының туризм саласындағы әлеуеті артып, сервистік және туристік инфрақұрылымдары дамитын болады.

Оқи отырыңыз: 

 

10
Кілт сөздер:
президент, Қарағанды облысы
Аяжан Еділова

Аяжан Еділованың өлімі: іс сотқа өтті

62
(Жаңартылды 18:52 20.10.2021)
Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Аяжан Еділованың өлімі туралы қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алдын ала сот тыңдалымында істің алқабилермен немесе соттың жеке төрелігімен қаралуы туралы мәселе шешіледі.

Процестік шешім қабылданғаннан кейін іс қаралатын күн туралы қосымша хабарланады. 

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің "Зорлау" туралы 120-бабы және "Өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру" туралы 99-бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Алматы қаласының мамандандырылған соты тергеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурызда сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады.

Қыздың денесі бөлшектеліп, қоқысқа лақтырылғаны белгілі болды. 

Аяжан Еділова қандай еді

Әпкесінің сөзінше, Аяжан бір көрген адаммен тез араласып, бір сағатта туысқан секілді сөйлесіп кететін болған. Сондай-ақ оның өте сенгіш және адам жатырқамайтын мінезі болғанын айтты.

Туыстарының сөзінше, Аяжан Еділова Алматыға қайтыс боларынан екі ай бұрын келген. Оған дейін карантин кезінде Талдықорған қаласында туыстарының жанында болған. Алматыдағы сән салоны мен тігін цехына жұмысқа орналасқанына да бір айдай болған.

"Осы жолы Алматыға жібермей қойдым. Коронавирустың күйіп тұрған кезі еді. Біреуге жақын отырып тырнақ жасайсың, "сен маған аман-есен керексің" деп айттым. Ортаға апасын салып, әкесін салып жүріп, бой бермей, кетті. Әйтпесе үйде байлап ұстап отырғанмын. Үйде отырып күйзеліске түсті. Жұмыс істеп, жүріп үйреніп қалған қыз ғой. Бір күні жұмыстан келсем, жылап-жылап көзі ісіп кетіпті. "Менің өлгім келмейді, өмір сүргім келеді" деп айтты", - дейді әпкесі Аяжанның коронавирус жұқтырып алудан қорыққанын айтып.

Содан қалада жұмыс істеп жүрген Аяжан ең соңғы рет жақындарымен телефон арқылы сөйлескен кезде наурыз мерекесіне үйіне баратынын айтқан.

"Ең соңғы рет анасына видео арқылы хабарласып, наурыз мерекесіне келетінін айтты. Жұмыстарын айтып, соларды бітірген соң 4 күн демалысқа келемін деді. "Сағынып кеттім" деп қоштасқандай еркелегені есімде. Анасы жолға қарап, әлі күтетін сияқты. "Келемін" деп айтқаннан кейін олар күтіп жүрді. Мұндай хабар келеді деп күткен жоқ. Шешесі әлі күтіп жүр. Аяжан оқуда жүрген сияқты сезімдеміз", - дейді Нұргүл Әбеутәліпова.

Айтуынша, Аяжанның анасы біраз уақытқа дейін істің мән-жайын білмеген. Тек қайтыс болғанын естіген.

"Ата-анасының жағдайы өте ауыр, олар күйзелістен әлі шыға алған жоқ. Стрессте жүр. Күліп отырып жылай салуы мүмкін, жылап отырып күле салуы мүмкін", - дейді әпкесі.

Оқи отырыңыз: 

62
Кілт сөздер:
қылмыс, сот, Алматы