Ақорда

Тоқаев Моңғолия қазақтары туралы айтты

100
(Жаңартылды 19:47 13.10.2021)
Президент Моңғолия басшылығына және моңғол халқына этникалық қазақтарға көрсетіп отырған құрметі пен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Моңғолияның сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэгті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қарқынды дамып келе жатқан қазақ-моңғол қарым-қатынастарына тоқталды.

"Моңғолия – біздің сенімді әрі стратегиялық серіктесіміз. Мемлекеттерімізді ортақ тарихымыз біріктіреді. Моңғол халқына, Сіздің мемлекетіңізге деген құрметіміз ерекше. Сіздер біздің халықаралық бастамаларымызға түсіністік танытып, үнемі қолдау көрсетесіздер", – деді президент.

Сондай-ақ Тоқаев екі ел халықаралық алаңдарда бірге белсенді жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

"Осы ынтымақтастығымызды одан әрі арттырып, іс жүзінде нығайта беруіміз қажет деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сауда-экономикалық ықпалдастыққа қатысты. Біз көлік логистикасы саласын пысықтай түсуіміз керек", – деді ол.

Мемлекет басшысы қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін барынша пайдалануға шақырды.

"Осы сәтті пайдалана отырып, этникалық қазақтарға көрсетіліп отырған құрметі пен қамқорлығы үшін Сіздің елдің басшылығына және моңғол халқына ризашылығымды білдіремін. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенемін. Бұл – Сіздің мемлекетіңіз жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесі. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қытай елшісі туыстарымен қауышуға көмектесуді өтінген қазақстандықтарға жауап берді 

Моңғолия сыртқы саясат ведомствосының басшысы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың сәлемін жеткізді.

"Президентіміздің шынайы сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Моңғолия мен Қазақстанды жақын көрші елдер деп айтуға болады. Қазақстан Республикасымен арадағы байланыстарды дамыту ісі Моңғолияның сыртқы саясатында маңызды орын алады. Біз бұл қатынастарды жандандырғымыз келеді. Келесі жылы елдеріміз арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз", – деді Батмунх Батцэцэг.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты елімізге ресми сапармен келуге шақыратынын айтты. Мемлекет басшысы аталған ресми сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді деп санайды.

100
Аяжан Еділова

Аяжан Еділованың өлімі: іс сотқа өтті

54
(Жаңартылды 18:52 20.10.2021)
Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Аяжан Еділованың өлімі туралы қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алдын ала сот тыңдалымында істің алқабилермен немесе соттың жеке төрелігімен қаралуы туралы мәселе шешіледі.

Процестік шешім қабылданғаннан кейін іс қаралатын күн туралы қосымша хабарланады. 

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің "Зорлау" туралы 120-бабы және "Өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру" туралы 99-бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Алматы қаласының мамандандырылған соты тергеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурызда сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады.

Қыздың денесі бөлшектеліп, қоқысқа лақтырылғаны белгілі болды. 

Аяжан Еділова қандай еді

Әпкесінің сөзінше, Аяжан бір көрген адаммен тез араласып, бір сағатта туысқан секілді сөйлесіп кететін болған. Сондай-ақ оның өте сенгіш және адам жатырқамайтын мінезі болғанын айтты.

Туыстарының сөзінше, Аяжан Еділова Алматыға қайтыс боларынан екі ай бұрын келген. Оған дейін карантин кезінде Талдықорған қаласында туыстарының жанында болған. Алматыдағы сән салоны мен тігін цехына жұмысқа орналасқанына да бір айдай болған.

"Осы жолы Алматыға жібермей қойдым. Коронавирустың күйіп тұрған кезі еді. Біреуге жақын отырып тырнақ жасайсың, "сен маған аман-есен керексің" деп айттым. Ортаға апасын салып, әкесін салып жүріп, бой бермей, кетті. Әйтпесе үйде байлап ұстап отырғанмын. Үйде отырып күйзеліске түсті. Жұмыс істеп, жүріп үйреніп қалған қыз ғой. Бір күні жұмыстан келсем, жылап-жылап көзі ісіп кетіпті. "Менің өлгім келмейді, өмір сүргім келеді" деп айтты", - дейді әпкесі Аяжанның коронавирус жұқтырып алудан қорыққанын айтып.

Содан қалада жұмыс істеп жүрген Аяжан ең соңғы рет жақындарымен телефон арқылы сөйлескен кезде наурыз мерекесіне үйіне баратынын айтқан.

"Ең соңғы рет анасына видео арқылы хабарласып, наурыз мерекесіне келетінін айтты. Жұмыстарын айтып, соларды бітірген соң 4 күн демалысқа келемін деді. "Сағынып кеттім" деп қоштасқандай еркелегені есімде. Анасы жолға қарап, әлі күтетін сияқты. "Келемін" деп айтқаннан кейін олар күтіп жүрді. Мұндай хабар келеді деп күткен жоқ. Шешесі әлі күтіп жүр. Аяжан оқуда жүрген сияқты сезімдеміз", - дейді Нұргүл Әбеутәліпова.

Айтуынша, Аяжанның анасы біраз уақытқа дейін істің мән-жайын білмеген. Тек қайтыс болғанын естіген.

"Ата-анасының жағдайы өте ауыр, олар күйзелістен әлі шыға алған жоқ. Стрессте жүр. Күліп отырып жылай салуы мүмкін, жылап отырып күле салуы мүмкін", - дейді әпкесі.

Оқи отырыңыз: 

54
Кілт сөздер:
қылмыс, сот, Алматы
Кальмар ойыны

"Кальмар ойыны" бала психикасына қауіпті ме? Министрлік жауабы

188
(Жаңартылды 16:21 20.10.2021)
Сериал әлемнің 90 елінде кеңінен танымал болды. Басты рөлді сомдаған барлық актер бірден әлем деңгейіндегі жұлдызға айналды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова балалар мен жасөспірімдер арасында "Кальмар ойыны" атты оңтүстік кореялық сериалдың танымалдылығына қатысты пікір білдірді.

"Бұл қазақстандық өнім емес. Фильмнің белгілі бір шектеуі бар, ол 18 жастан асқан адамдарға арналған. Сондықтан ата-аналар ең алдымен осы тұсқа мән беруі керек", - деді Каринова баспасөз конференциясы кезінде.

Ол ата-ана да, мектеп те балаларға тәрбие беру аясында пайдалы ақпаратты негативтен ажырата белуге дағдыландыруы керек екенін айтты.

"Мектептерде де осы мәселеге назар аудару керек. Бала психикасы енді қалыптасып жатқандықтан, кез келген ақпаратты мектепте мұғалім, үйде ата-ана қадағалуы керек", - деді вице-министр.

Ол барлық білім беру мекемесінде "Жаһандық құзыреттер" курсы таңдау бойынша енгізіліп жатқанын айтты. Курс балалардың бойында сыни ойлау мен эмоциялы интеллектті дамытуға бағытталған.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, басты сыйлық үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематографына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сеиал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді.

Оқи отырыңыз: 

188
Кілт сөздер:
қауіпті ойын, бала, психика
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 21 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 20:12 20.10.2021)
Sputnik Қазақстан 21-26 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

14.30 - "Ұлттық рухани жаңғыру" Ұлттық жобасы: негізгі бағыттары. ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі".  Спикеры:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Балаева Аида Ғалымқызы; ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы; ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қабаев Әділбек Күнесханұлы.

16.30 - “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасы. Өтетін жері - Орталық коммуникациялар қызметі. Спикер: ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. 

19.00 – "Жұбайлар жұмбағы" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Байтұрсынов көшесі, 25/1).

19.00 – "Дон Паскуале" спекатклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев 1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Қара шекпен" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Үйлену" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы 103).

18.30 – "Жәмилә" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Севильский цирюльник" операсы (Абай атындағы Қазақ МАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Любовница" ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 – "NE PROSTO ORCHESTRA" концерті (Республика сарайы, Достық 56)

19.00 – Amy Winehouse от "Vina"s Band" трибюті (La Boheme театры, павильон 2, Зенков, 24).

20.40 – "Утопия. Возвращение в сон" спектаклі (Пространство "ДОМ",  Бәрібаев көшесі, 36).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
14.00 - "Nobel Fest" үшінші Нобель фестивалі. Тақырыбы: "Будущее уже сегодня". Фестиваль онлайн өтеді (Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз. Байланыс: Батихан Қалыбеков, Нобель фестивалінің баспасөз қызметі, kalibekov@inpolicy.net, Instagram: @nobel_fest).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

0
Кілт сөздер:
қазан, Қазақстан, оқиғалар