Зертхана қызметкері

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті

80
Бір күн бұрын 1 707 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 985 науқас тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өңірлер бойынша статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 270,
  • Алматы қаласы - 350,
  • Шымкент қаласы - 81,
  • Ақмола облысы - 120,
  • Ақтөбе облысы - 78,
  • Алматы облысы - 142,
  •  Атырау облысы - 51,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 135,
  • Жамбыл облысы - 35,
  • Батыс Қазақстан облысы - 66,
  • Қарағанды облысы - 163,
  • Қостанай облысы - 97,
  • Қызылорда облысы - 42,
  • Маңғыстау облысы - 7,
  • Павлодар облысы - 154,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 149,
  • Түркістан облысы - 45.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 910 832.
Оқи отырыңыз:

80
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2660)
Кальмар ойыны

"Кальмар ойыны" бала психикасына қауіпті ме? Министрлік жауабы

137
(Жаңартылды 16:21 20.10.2021)
Сериал әлемнің 90 елінде кеңінен танымал болды. Басты рөлді сомдаған барлық актер бірден әлем деңгейіндегі жұлдызға айналды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова балалар мен жасөспірімдер арасында "Кальмар ойыны" атты оңтүстік кореялық сериалдың танымалдылығына қатысты пікір білдірді.

"Бұл қазақстандық өнім емес. Фильмнің белгілі бір шектеуі бар, ол 18 жастан асқан адамдарға арналған. Сондықтан ата-аналар ең алдымен осы тұсқа мән беруі керек", - деді Каринова баспасөз конференциясы кезінде.

Ол ата-ана да, мектеп те балаларға тәрбие беру аясында пайдалы ақпаратты негативтен ажырата белуге дағдыландыруы керек екенін айтты.

"Мектептерде де осы мәселеге назар аудару керек. Бала психикасы енді қалыптасып жатқандықтан, кез келген ақпаратты мектепте мұғалім, үйде ата-ана қадағалуы керек", - деді вице-министр.

Ол барлық білім беру мекемесінде "Жаһандық құзыреттер" курсы таңдау бойынша енгізіліп жатқанын айтты. Курс балалардың бойында сыни ойлау мен эмоциялы интеллектті дамытуға бағытталған.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, басты сыйлық үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематографына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сеиал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді.

Оқи отырыңыз: 

137
Кілт сөздер:
қауіпті ойын, бала, психика
оқушылар

Түркістандағы оқушының өлімі: министрлік алдын ала тон пішпеуге кеңес берді

173
(Жаңартылды 16:20 20.10.2021)
Баланың жақындары оқушыларға бас-көз болмаған мектеп ұжымы мен дер кезінде көмек бермеген дәрігерлерге наразы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Түркістандағы 5-сынып оқушысының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сөз жоқ, бала өлімі – бұл үлкен трагедия. Осы оқиға туралы хабар түскен бойда балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Түркістан облысына аттанды. Олар қазір сол жақта жүр. Оған қоса, тиісті органдар тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша ақпарат беретін боламыз", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда вице-министр оқушыдан ақша бопсалау мәселесі бойынша "алдын ала тон пішпеуге" кеңес берді. Оны арнайы органдар анықтауға тиіс.

"Меніңше, алдын ала пікір айтып, асықпаған дұрыс. Тисті органдар өз жұмысын аяқтасын. Содан кейін ғана қажетті шешімдер қабылданады. Ал ақша жинау мәселесіне келер болсақ, білім және ғылым министрлігі мұны үнемі айтып келеді. Ата-аналар арасында болсын, жалпы, мектептің ішінде ақша жиналмауы тиіс. Әрбір факт жеке-дара қаралып, ең қатаң деген шаралар қабылдануы шарт", - деп атап өтті Каринова.

Оқушының өлімі

Өткен аптада Түркістанда 5-сынып оқушысы көз жұмды. Әжесінің айтуынша, оны ақша тауып бере алмағаны үшін сотқар сыныптасы мектептің дәретханасында соққыға жыққан. Жарақат алған бала бірнеше күн ауырып, ақыры ауруханада көз жұмған.

Баланың жақындары оқушыларға бас-көз болмаған мектеп ұжымы мен дер кезінде көмек бермеген дәрігерлерге наразы.

"Оны дәретхананың ішінде ұрыпты. Басынан қатты соққы алып, қан ұйып қалған. Одан кейін тамыры қысылып қалған деді. Иә, бүйрегі де ісіп кеткен. Ол бала "мен осы сыныптың атаманымын" деп, жуас балалардан тиын-тебен алады екен. Сонда әлімжеттік болып тұр ғой", - дейді марқұмның әжесі Гүлнәр Маханова.

Рамазан оқыған №18 мектеп-гимназияда әлімжеттік көп болады деген әңгіме ата-аналар арасында көп айтылады екен.

Бірақ мектеп директоры оны жоққа шығарды. Тіпті ата-аналармен жиналыс та өткізіпті. Бірақ ол отырыста сыныптағы сотқарлық туралы сөз болған жоқ дейді директор.

Оқи отырыңыз: 

 

173
Кілт сөздер:
оқушы, Түркістан, білім және ғылым министрлігі
Тақырып бойынша
Ақмола облысында электр желісі басшысы оқушының өлімі үшін сотталды
Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырды
Шымкентте оқушы қыз әкесінің сыйлығымен сыныптастары мен мұғалімді улап тастады
Алматылық оқушының өлімі: баласынан айырылған ананың мұңы
әмиян

Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді

858
(Жаңартылды 17:30 20.10.2021)
Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, мәселені тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен шешуге құқылы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда 1 қазаннан бастап проблемалық кредиттерді реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді. Енді банк те, микроқаржы ұйымы да бірден коллекторларға жүгінбейді. Олар қарыз мәселесін алдымен борышкермен өзара шешуге міндетті.

Осы орайда заңға нақты ереже енгізіліп отыр. Sputnik Қазақстан проблемалық кредитті заң аясында реттеудің бірыңғай тәртібін ұсынады.

Банк пен борышкердің міндеті

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен мерзімі өтіп кеткен берешек мәселесін шешуге құқылы. Бірақ әрбір тарап өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс.

Біріншіден, кредит алған адамның мерзімі өтіп кеткен берешегі болса, банк болсын, микроқаржы ұйымы болсын, сол сәттен бастап 20 күннің ішінде оған хабарласып, төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы ескертуге міндетті. Қызметкерлер берешек жайында айтып қана қоймай, мерзімі өтіп кеткен төлемнің нақты мөлшерін көрсетуге тиіс.

Қарызды төлемегені үшін қандай жауапкершілік болатыны ескертіледі. Сосын проблемалық кредит мәселесін шешу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына шақырады.

Екіншіден, кредит алған адам өз кезегінде берешектің мерзімі өткен күннен бастап 30 күннің ішінде кредиттік ұйымға қарызды қайта құрылымдау туралы жазбаша өтініш тапсырады. Онда нақты бірнеше мәселені көрсету керек.

Олар:

  • қарыз мерзімін өткізіп алудың себебі;
  • қарызды қайта құрылымдауға қатысты өз ұсыныстары;
  • кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін көрсету (өтінішпен қоса тиісті құжаттар беріледі).

Үшіншіден, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануы шарт. Оны тіркеуге алып, банк немесе микроқаржы ұйымның қарауына шығарады. Өтініште толық мәлімет болмаса, кредит алған адамға хабар беріледі. Ол бес күннің ішінде қосымша мәлімет пен құжатты ұсынады.

Өтінішті қарау тәртібі

Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды. Оның мәселесін қарау кезінде ағымдағы қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі, әлеуметтік жағдайы, кепілге алынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторлар ескеріледі.

Кредит берген мекеме өзінің жауабын күнтізбелік 15 күннің ішінде беруге тиіс. Жауаптың үш нұсқасы бар.

Олар:

  • кредитор қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді енгізуге келісім береді;
  • кредитор банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын жасайды;
  • кредитор қарызды қайта құрылымдаудан бас тартуға шешім қабылдайды (жауапта нақты себептері көрсетілуі шарт).

Қарызды қайта құрылымдау қалай жасалады?

Қарызды қайта құрылымдауды бірнеше жолмен жасауға болады. Соны өтініште көрсетуге болады. Банк мен микроқаржы ұйымы да осы әдістердің біреуін ұсына алады.

  • сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
  • төлемді кейінге қалдыру;
  • өтеу әдісін өзгерту;
  • қарыз мерзімін ұлғайту;
  • борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері);
  • ипотекаға алынған жылжымайтын мүлікті өздігімен сату немесе кепіл мүлкін кредиторға беру;
  • жылжымайтын мүлікті сатқанда барлық міндеттемені сатып алушыға тапсыру.

Банктің тиісті шешімі шыққаннан бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде келісімшартқа өзгеріс енгізіледі.

Екі жақ бір келісімге келмесе...

Қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Арызда банкпен немесе микроқаржы ұйымымен бір шешімге келмеудің нақты себептерін көрсету керек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз кезегінде өтініштің негізінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеру жүргізеді. Сол кезде банктің немесе микроқаржы ұйымы қабылдаған шешіміне баға беріледі.

Тексеріс кезінде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастай алмайды.

Кредит алғанда нені ескеру керек

Мамандар кредит алғанда маңызды бірнеше мәселені ескеру кеңес беріп отыр:

  • кредит алған адамның ай сайынғы төлемі табыстың жартысынан аспауға тиіс;
  • келісімшартқа қол қойғанға дейін мұқият оқып шығу қажет;
  • қарыздың мерзіміне, сыйақы мөлшерлемесіне (тұрақты немесе құбылмалы), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, сондай-ақ, кредитті төлей алмаған жағдайда қандай міндеттер болатынына бас назар аудару керек;
  • келісімшартта банктің есепшотына түсетін ақшаны өндіріп алу, қарызды коллекторлық агенттікке беру және сотқа жүгіну құқықтары да жазылуы мүмкін.

"Артынан проблема болмас үшін кредит мен микредиттерді рәсімдеуге өте мұқият қараған жөн, бұл ақылға салынған шешім болуға тиіс. Қарызға ақша алатын адам маңызды бір мәселені түсінуі керек. Кредит – ол жауапкершілік. Кез келген кредитті қайтаруға тура келеді", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: 

858
Кілт сөздер:
банк, кредит, заң
Тақырып бойынша
Қазақстандық бес банктен 8,5 млн теңге кредит қалай алғанын түсінбей қалды
Борышкер 5 адам өлтірді: депутаттар кредит мөлшерлемесін төмендетуді талап етті
Түркістанда кредит алуға барған әйел полицияға арызданды – банк қызметкері ұсталды
Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған