Димаш Құдайберген

Димаш сыртқа шыға алмай қалды: Қытайда қызықты оқиға болды видео

49956
(Жаңартылды 12:25 16.10.2021)
Димаш Қытайға телевизиялық реалити-шоудың түсіріліміне қатысу үшін барды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайберген мен оның фанаттары туралы қызықты видео таралып жатыр.

Қытайдың Уси қаласындағы қонақүйден шыққан музыкантты бір топ тыңдарманы күтіп алған – видеодан өнер сүйер қауым Димашты қаумалап, "Сәлем" деп айқайлап, телефондарына түсіргенін көруге болады.  

Бір кезде айналма есік адам нөпіріне төтеп бере алмай, сәл уақыт ашылмай қалады, бұл фанаттардың күлкісін келтірді. Димаш алдымен жанында тұрған бозбалаға жол беріп, кейін өзі шығады.    

"Рахмет", - деді Димаш көлікке отырмас бұрын.

Димаш Қытайдың Уси қаласына телешоудың түсіріліміне қатысу үшін барды. Жобада белгілі әншілер, актерлер, рэп орындаушылар, бишілерден топ құрып, бұл команданы финалға шығару қажет. Димаш бұған дейін жоба вокалдық конкурс емес екенін айтқан болатын.

49956
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген, видео
далада сауда-саттық жүргізіп отырғандар

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды Бас прокуратура

718
(Жаңартылды 16:27 27.11.2021)
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағандарды қандай жағдайда жазалауға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге заңсыз айыппұл салған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жазаланды.

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.

"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.

Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.

Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.

718
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады
150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды
Сыртынан жауып кеткен: полицей әйел өрт шыққан пәтердегі төрт баланы құтқарды
Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев
сәбиідің аяғы, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы сәбидің өлімі: сотталған дәрігерлер колонияға ауыстырылды

421
(Жаңартылды 11:16 27.11.2021)
Перинаталды орталықтың бас дәрігері, акушер-гинеколог және акушер жаңа туған нәрестені өліміне кінәлі деп танылып, тиісінше 18, 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан және акушер Жәмилә Құлбатырова тергеу абақтысынан колонияға ауыстырылды.

Қуаныш Нысанбаев пен Асқар Қайыржан Орал қаласындағы қатаң режимдегі колонияға ауыстырылды. Атышулы іс бойынша тағы бір айыпталушы Жәмилә Құлбатырова жазасын Алмагүл ықшам аудандағы әйелдер колониясында өтейтін болды. Неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева пробация қызметінің бақылауына алынды, деп хабарлады "Ақжайық".  

Асқар Қайыржан басылым редакциясына сұхбат беру туралы ұсыныспен хат жолдады. Алайда қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен облыстық сот тілшіні тергеу изоляторына кіргізуден бас тартты. 

Еске салсақ, перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан және акушер Жәмилә Құлбатырова алдын ала сөз байласу арқылы жаңа туған нәрестені өліміне кінәлі деп танылып, тиісінше 18, 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал дәрігер-неонатологтар Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Жаңа туған нәрестенің өлімі

2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқаннан кейін дәрігерлер оны өлі туды деп тіркеген. Алайда стоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған. Сотта тергеуші Асқарбек Ермұқашев дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен стенограммасы бар екенін айтқан.

Филологиялық сараптаманың қорытындысы да жасалды. Сонда дәрігерлердің бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкені анық байқалады. Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар.

Дәрігерлерге сот үкімі шықты

2020 жылдың 18 қаңтарында Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

Оқи отырыңыз:

421
Кілт сөздер:
Атырау облысы, сәби, тоңазытқыш, дәрігерлер