Қоғам

Министр автокөліктерге арналған VIP нөмірлер тізімін кеңейтуді ұсынды

© SputnikАвтокөлік нөмірлері, архивтегі сурет
Автокөлік нөмірлері, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Цифрлық даму министрлігі ішкі істер ведомствосымен бірлесіп сұранысқа ие нөмірлер тізімін кеңейтіп, заңнамалық тұрғыдан бекітуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарға автокөлікке тек әдемі нөмір емес, әріп белгілерін де сатып алуға рұқсат етуді ұсынды.

Бұл туралы ол мәжілісте мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту туралы үкімет сағатында мәлімдеді.

"Ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңнамамен бекітілуге тиіс, сұранысқа ие нөмірлерді ұлғайту мәселесі пысықталды. Осыған байланысты бізді қолдауды сұраймыз. Өздеріңізге мәлім, бізде түрлі нөмір белгілері қатты танымал. Бюджетке ақша төлеп, сатып алуға болатын нөмір белгілері бар, мысалы, 777. Әлі реттелмеген нөмір белгілері де бар. Міне, біз олардың тізімін заңнамалық тұрғыдан бекітіп, сатып алуға мүмкіндік жасағымыз келеді", - деді министр.

Мусин қазір Еgov порталын монополиясыздандыру жұмысы жүріп жатқанын, мемлекеттік қызмет көрсететін алаңдар саны кеңейтілетінін атап өтті.

Атап айтқанда, қазір Еgov порталынан бөлек, қазақстандықтар Kaspi.kz, Homebank қосымшалары арқылы көлігін тіркей алады.

Мусиннің айтуынша, мұндай мүмкіндік процесті барынша оңтайландыруға және автоматтандыруға, сондай-ақ адамдардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.

"Бұл жағдайда автокөлік сатып алушыға да, сатушыға да өтінім беру үшін ХҚКО-ға барып, кезек күтудің қажеті жоқ. Мұндай әдістер карантин кезінде айрықша маңызды", - деді ол.

Ведомство ақпаратынша, қыркүйек айының қорытындысы бойынша авткөлікті тіркеу және қайта тіркеу 167 мың транзакцияны құрады, оның ішінде онлайн рәсімдеу үлесі 36%-ке дейін ұлғайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0