Қоғам

Арал туралы деректі фильм әлемдік платформада көрсетіледі

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVарал теңізі
арал теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Фильм қазірдің өзінде Швейцария, Франция, Германия, Австрия, Англия, Италия, Греция, Польша, Ресей, АҚШ, Қытай, Тайваньдағы ондаған халықаралық фестивальде көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. "Ертең теңіз" қазақстандық фильмі әлемдік Netflix стриминг платформасында көрсетіледі. Бұл жаңалықты картинаның режиссері Катерина Суворова өз Instagram парақшасында хабарлады.

Режиссер фильм тизерімен бөлісіп, өз постының астына "Ертең теңіз" Netflix-те" деп жазды.

"Ертең теңіз" – режиссер Катерина Суворованың Арал теңізі туралы авторлық деректі фильмі.

"Ертең теңіз" бүгінде ғайып болған теңіз жағалауына саяхаттап қайтуға мүмкіндік береді. Арал теңізінің жоғалуы – әлем тарихындағы ең үлкен антропогенді апаттың бірі. Кемелердің тат басқан қаңқалары, бір кездері теңіз түбінде жатқан ақ сор жер қазіргі Аралдың көрінісіне айналды", - деп жазды Суворова.

"Бұл ақырзаманнан кейінгі тіршілік секілді. "Ертең теңіз" постапокалипстік пейзажды тамашалауға мүмкіндік береді. Осы иен далада да адамдарды кездестірдік. Теңіз ғайып болды, ал адамдар қалды. Ол қармағына балық түспейтін балықшы. Құмды далада ағаш отырғызған бағбан. Кеме қирандыларында тіршілік етіп, оны металл сынықтарына бөліп жатқан пираттар. Олар табиғат апаты болған өңірде тіршілік көзін тауып, күнелтіп жатыр. Жергілікті халық "Елу жылда ел жаңа, жүз жылда жер жаңа" дейді. Теңіз кетті. Мүмкін, бір күндері қайта оралар", - деп жазылған фильмге түсініктемеде.

Фильмнің әлемдік премьерасы Локарнодағы (Locarno IFF) халықаралық фестивальде өтті.

Фильм қазірдің өзінде Швейцария, Франция, Германия, Австрия, Англия, Италия, Греция, Польша, Ресей, АҚШ, Қытай, Тайваньдағы ондаған халықаралық фестивальде көрсетілді.

Сондай-ақ деректі фильм Париждегі Жан Руш фестивалінің "Антропология және тұрақты даму" сыйлығымен және "кинематографты дамытуға қосқан үлесі үшін" Қазақстан киносыншылары гильдиясы сыйлығымен марапатталды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0