Қоғам

Қазақстандықтар оңай жолмен ақша табамын деп 130 млн теңгеден айырылып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
51 жастағы әйел инвестициялау бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашып, оны туысқанының атына тіркеген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Алматылық әйел қала тұрғындарын күмәнді жобаға инвестиция құюға шақырып, 130 миллион теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің айтуынша, 10 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 130 миллион теңгені құрады.

Анықталғандай, күдікті инвестициялау бойынша ЖШС ашып, оны туысқанының атына тіркеген. Кейін туыстары мен достары арқылы адамдар тартып, оларға презентация өткізген. Жәбірленушілерге салған соманың 10% мөлшерінде ай сайын дивиденд төлеуге уәде берген.

Ниетінің түзу екенін дәлелдеу үшін жәбірленушілермен өз компаниясының атынан жалған инвестициялық келісім жасап, олардан қолхат арқылы 500 мыңнан 50 миллион теңгеге дейін ақша алған.

51 жастағы әйел ұсталып, Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды. Сотпен "қамауда ұстау" түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0