Қоғам

Сотталған адамды жұмысқа алған: елордада білім басқармасының басшысы жауапқа тартылды

© Sputnik / Абзал КалиевСуд, дело. Архивное фото
Суд, дело. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Еңбек кодексі нормаларына сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді

АЛМАТЫ, 1 қараша — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол қалалық әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыйлық алатын оқытушыларға қатысты жазаны күшейту ұсынылды

Әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында Шәкәрім Сейсенбай Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушісі лауазымына бұрын қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясында көрсетілген 176-бабы 3-бөлігі "б", "г" тараулары және 317-бабының 1-бөлігі бойынша сотталған қызметкерді қабылдаған.

Еңбек кодексі нормаларына сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді.

Сонымен қатар 2020 жылдың қазанында еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады.

Пара туралы ақпарат бергендер 11 миллион теңгеге дейін сыйақы алады

31 қазанда Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының бастығы Шәкәрім Сейсенбай қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады.

"Кеше Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасындағы қызметімді аяқтадым. Ең алдымен мемлекеттік қызметте өзімді сынап көруге мүмкіндік берген қала басшысы Алтай Көлгіновке ризашылығымды білдіремін. Сегіз айға созылған қызметімде біраз ауыз толтырып айтарлықтай іс атқарылды. Осы уақытта мектептегі балалардың игілігі, сапалы білім мен оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдай жасаудың маңызы жөнінде түсінік қалыптасты. Сондықтан жаңа жоба өз тәжірибемді таратуға бағытталады. Әр баланың даму потенциалына ерекше көңіл аударылады", - деп жазды Шәкәрім Сейсенбай.

Жаңалықтар
0