Қоғам

"Күшейтілген режимде жұмыс істесін": Мамин әкімдерге тапсырма берді

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өтуАскар Мамин
Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарына вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин көрші елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, өңірлерде карантинді сақтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин республикада эпидемиологиялық жағдай жақсарып келетінін атап өтті. Барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастар, стационарда және амбулаторияда ем алып жүрген пациенттер саны азайған.

"Дегенмен көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек. Барлық өңірде шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету қажет. Мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуге тиіс", - деп мәлімдеді премьер-министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсармағанын атап өтті. Қазіргі уақытта 8,3 миллионнан астам адам бірінші компонент, ал 7,5 миллион адам екінші компонент алған.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарына вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Бұған қоса, әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігіне емдеу мекемелерінің қоймасындағы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға тексеріс жүргізіп, олардың қажетті көлемін қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетері эпидемиологиялық жағдай матрицасына сүйенсек, "қызыл" аймақта 4 өңір – Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Қазақстан мен тағы 4 өңір – "сары" аймақта. Олар: Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0