Қоғам

Қышқыл құйып жіберген: Англияда қазақстандық боксшыға шабуыл жасалды

© Photo : Kokeshi75Боксшы қолғабы
Боксшы қолғабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Спортшының айтуынша, капюшон киген адамдар түнде оның пәтеріне баса-көктеп кірген

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Англияда жеңіл салмақта сынға түсетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточиговқа шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер оның үстіне қышқылға ұқсас сұйықтық құйып, қашып кеткен. Салдарынан спортшының денесін күйік шалды. Бұл туралы ол  Instagram-аккаунтында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Viktor Kotochigov (@viktor.boxerkz)

Боксшыға Англияда жалға алған бөлмесінде түнде шабуыл жасалған.

"Англиядағы жиын мен үшін аздап сәтсіз өтті. Қысқаша тоқталсам: мен 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін Англияға ұшып келдім. Бөлме жалдап, жаттығуға кірістім. Төрт күн өтті. Бір күні түнде үйде ұйықтап жатқанда, есік артынан шу естілді, әлдекім құлыпты ашуға тырысып жатыр екен. Төсектен атып тұрып, қолыма пышақ алмақшы болдым. Бірақ асханада шанышқы мен қасықтан басқа ештеңе жоқ екен. Есік ашылып, адамдар баса-көктеп кіріп келді, бәрінің басында капюшон. Олар менімен төбелескен жоқ, үстіме қышқылға ұқсайтын затты құйып жіберіп, қашып кетті", – деді боксшы.

Коточигов бірден өз бапкеріне хабар берген. Жаттықтырушы спортшыны ауруханаға апарған.

"Содан кейінгі бірнеше күнді күйікпен, ауруханада өткіздім, дәрігерлердің бақылауында болдым. Мен ешкіммен жанжалдасқан жоқпын – бұл кімге керек болғанын түсінсем бұйырмасын. Енді жиындарға тек тексерілген жерге бару керек екенін түсіндім", - деді Коточигов.

Оқи отырыңыз: Дикий Арман боксшыларға ақша таратты: тағы бір видео қызу талқыға түсті

Виктор Коточигов –  жеңіл салмақта сынға түсетін кәсіпқой боксшы. Бокс әлемінде оны "қазақ королі" деп атайды. Оның соңғы жекпе-жегі 12 наурызда өтті. WBO European титулы өткен кездесуде ол британиялық Гэри Каллиден жеңіліп қалды. Коточигов кәсіпқой рингке алғаш рет 2015 жылы Қытайдың Хайнань қаласында шықты.

Жаңалықтар
0