Қоғам

Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев

© Photo : Минобороны КазахстанаВоенная полиция Казахстана перекрыла трассу
Военная полиция Казахстана перекрыла трассу - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің 98 пайызы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде ішкі істер органдарының 34 қызметкері көз жұмды. Бұл туралы министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, пандемиядан 34 қызметкер қайтыс болды. 19 612 қызметкер аурудан жазылып шықты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің 98 пайызы вакцина салдырды", - деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министр әлемдік пандемия полиция жұмысына өзгеріс енгізгенін атап өтті. 

"Полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге күндіз-түні уақытпен санаспай жұмыс істеді. Күніне 12 мың қызметкер жұмысқа шықты. Карантин жариялағанда 50 мың қызметкерге дейін жұмылдырылды", деді ол.

Сондай-ақ, айтуынша, полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, 445 блок бекетті күзетті, ауру тараған 700 аумақты қоршауға алды. Мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын бақылады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0