Қоғам

Шығыс Қазақстанда өзін банкротпын деп жариялаған кәсіпкер сотталып кетті

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Ер адам салық төлемес үшін өзін әдейі банкротпын деп жариялаған. Оның мемлекетке қарызы 100 миллион теңгеден асады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik.  Шығыс Қазақстан облысында өз фирмасын әдейі банкрот деп жариялаған кәсіпкер сотталды.

"Центр ОДИ" ЖШС директоры Ю.Жексенев өз фирмасына тиесілі қонақ үй кешенін (дәмхана-бар, сауна) үлестес тұлғалардың меншігіне заңсыз өткізген.

Осылайша ол мемлекет алдында берешегі барын біле тұрып, 105 миллион теңге салық төлеуден жалтарған, деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

Сот шешімімен кәсіпкердің 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Кәсіпорын нысандарына арест қойылды, оның ішінде қонақ үй, дәмхана-бар, сауна, шаруашылық блок ғимараты бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0