Қоғам

Жантүршігерлік апаттан кейін жолға жауапты маман тергеуге алынды

© Photo : Pixabay / PexelsДорога зимой
Дорога зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Тергеу кезінде жолды күтіп ұстауға жауапты кәсіпорын қызметкерінің тиісті ережені бұзғаны анықталды. Соның салдарынан екі адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Павлодар облысындағы жол апатында екі адам қайтыс болғаннан кейін тас жолды күтіп ұстауға жауапты маман тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Тергеу кезінде жолды күтіп ұстауға жауапты кәсіпорын қызметкерінің тиісті ережені бұзғаны анықталды. Соның салдарынан екі адам қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Айта кетері, бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жол апатының мән-жайы

14 қарашада Павлодар – Успенка тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. Әлеуметтік желіде тараған фотоларға қарағанда бір көлік екіге қақ бөлініп қалған. Ол – ВАЗ маркалы көлік.

Рөлде болған 70 жастағы ер адам жолдың қарсы бетіне шығып, Volkswagen-ге соғылған. ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Успенка аудандық ауруханасына тағы екі адам жеткізілді. 19 жастағы қыз бастан жарақат алған. Бұдан бөлек, миы шайқалып, мойны зақымданған.

Ал 49 жастағы ер адамның екі жақтан 5-8 қабырғасы сынды. Травматикалық шок болды. Кеуде тұсынан жарақат алған тағы 30 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0