Астана көрінісі

Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды Назарбаев

0
Ол Конституция бойынша ел президенті соғыс ашу туралы шешімді жалғыз өзі қабылдай алмайтынын атап өтті. Оны парламенттің қос палатасы, кейін қауіпсіздік кеңесі мақұлдауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жауласуға ұмтылмайтын ел екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алдағы жүз жылда Қазақстан ешкімге соғыс ашпайды деп ойлаймын. Оның ондай қалауы, ұмтылысы жоқ. Біз бейбітсүйгіш елміз", - деді Назарбаев режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде.

Ол Конституция бойынша ел президенті соғыс ашу туралы шешімді жалғыз өзі қабылдай алмайтынын атап өтті. Оны парламенттің қос палатасы, кейін қауіпсіздік кеңесі мақұлдауы керек.

Айта кетері, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні КТК телеарнасы "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмін көрсетті.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, соғыс, Назарбаев
Атамекен ҰҚП туы

"Атамекен" ҰКП Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

0
(Жаңартылды 14:02 17.01.2022)
Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық басқару органдары штаттық режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

ҰКП мәліметінше, Тимур Құлыбаевтың "Атамекен" төралқа төрағасы қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылды.

"Тимур Асқарұлының жеке шешіміне құрметпен қараймыз және бірнеше жыл бірге атқарған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды және палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты", - делінген хабарламада.

Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық басқару органдары штаттық режимде жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты бастады. 

ҰКП хабарлауынша, төралқа төрағасын съезд сайлайды. Төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төраға міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын айқындайды.

"Біз "Атамекен" ҰКП сайлау жүйесін нығайту жұмысын жалғастырамыз. 2020 жылы өңірлік кеңестерде сайлау өткізілді. Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың талқылауына бұрыннан келе жатқан мәселе – төралқа жанындағы салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті салалардың кәсіпкерлері етіп сайлау тәртібін шығарады", - деді басқармадағылар.

Нәтижесінде 2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай съезд және төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады.

Басқарудың жоғарғы органы ретінде съезд өз уәкілеттігі аясында төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ басқарма құрамына қатысты шешімін шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Қазақстанда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді

0
Кілт сөздер:
'Атамекен' ҰКП, Тимур Құлыбаев
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

0
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер