Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды

3301
(Жаңартылды 14:30 01.12.2021)
Елбасы өз естелігімен белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Борис Ельцин мен Михаил Горбачев Кеңес одағы ыдырар алдында қалай жанжалдасқанын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы өз естелігімен белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде бөлісті.

"Горбачев менен он жасқа үлкен болды, бірақ біз бір ұрпақтың адамдары едік, бірдей саяси тәрбиеден өттік. Сондықтан бір-бірімізді білдік, бір жүйеден шықтық. Бір қызығы, Ельцин де менімен дос болғысы келді. Біз шынымен де онымен жақсы араластық. Мен олардың жанжалына куә болдым, татуластыруға тырыстым. КСРО-ның күйреуі алдында Горбачев пен Ельцин қатты сөзге келіп қалды", - деді Назарбаев.

Айтуынша, Ельцин Горбаевтің шақыруымен КОКП ОК хатшысы ретінде Мәскеуге келген. Бірақ Ельцин саяси бюроның мүшесі болуды қалаған, алайда Горбачев оны сайлаған жоқ.

"Мен олардың қатты жанжалдасқан кезін көрдім. Горбачевтің кабинетінде отыр едім, Ельцин кіріп келді. Бір-бірімен дауыс көтере сөйлесе бастады. Келеңсіз жайт еді. Ельцин: "Мен сенің орныңа отырамын" деді. Мен орнымнан тұрып, кетіп қалғалы жатыр едім, Горбачев "отыр" деді. Горбачев Ельцинге "әзірге мұнда мен президентпін" деп жауап берді. Ельцин: "Иә, әзірге" деді де, кетіп қалды", - деп еске алды Елбасы.

Назарбаевтың сөзінше, Кеңес одағы ыдырай бастады және оны тоқтату мүмкін емес еді. Бірақ ол өзі Кеңес одағының өркениетті түрде таралуын қалаған.

"Бүкіл команданың ішінде кеңес экономикасын түсінетін жалғыз мен болдым. Мен Кеңес одағының қалғанын жақтаған жоқпын, тек мұның бәрі өркениетті түрде өткенін қаладым. Одақтың ыдыраудан зардап шеккенін қаламадым", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев қасында оған бүлікті қолдауды ұсынған коммунистер болғанын айтты.

"Бұл аяқасты болды. 18 күні (1991 жылдың тамызы) Ельцин бізге сапармен келді. Жақсы кешкі астан кейін қараңғы түскенде жолға шықты. Ал 19 күні таңертең бүлік болды", - деді Назарбаев.

1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні КТК телеарнасы "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмін көрсетті.

3301
Кілт сөздер:
Назарбаев
Тақырып бойынша
"Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді
Назарбаев көп жылдан соң Горбачев пен Ельциннің текетіресі жайлы шындықты айтты
Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы ашық айтты
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Елбасы отставкасы жайлы: мені мәңгі президент ретінде қалдырғысы келді
Атамекен ҰҚП туы

"Атамекен" ҰКП Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

0
(Жаңартылды 14:02 17.01.2022)
Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық басқару органдары штаттық режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

ҰКП мәліметінше, Тимур Құлыбаевтың "Атамекен" төралқа төрағасы қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылды.

"Тимур Асқарұлының жеке шешіміне құрметпен қараймыз және бірнеше жыл бірге атқарған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды және палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты", - делінген хабарламада.

Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық басқару органдары штаттық режимде жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты бастады. 

ҰКП хабарлауынша, төралқа төрағасын съезд сайлайды. Төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төраға міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын айқындайды.

"Біз "Атамекен" ҰКП сайлау жүйесін нығайту жұмысын жалғастырамыз. 2020 жылы өңірлік кеңестерде сайлау өткізілді. Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың талқылауына бұрыннан келе жатқан мәселе – төралқа жанындағы салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті салалардың кәсіпкерлері етіп сайлау тәртібін шығарады", - деді басқармадағылар.

Нәтижесінде 2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай съезд және төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады.

Басқарудың жоғарғы органы ретінде съезд өз уәкілеттігі аясында төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ басқарма құрамына қатысты шешімін шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Қазақстанда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді

0
Кілт сөздер:
'Атамекен' ҰКП, Тимур Құлыбаев
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

23
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

23
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер