Қоғам

Алматы әкімі неге көрінбей кетті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Бақытжан Сағынтаевтың Almaty Investment Forum-2021 шарасына неге қатыспағанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев осымен үшінші күн іріңді ангинадан емделіп жатыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді.
"Бақытжан Әбдірұлы сырқатына байланысты осымен үшінші күн демалыста. Таңертең процедурасы болғандықтан, іс-шараға қатыса алмады. Онда іріңді ангина және дене қызуы. Сағат 16:00-де мэрлермен кездесуге онлайн қатысып қалуы мүмкін", - деді Мұқажанов.
Бүгін Бақытжан Сағынтаев Алматыда өтіп жатқан инвестициялық форумға қатыспағаны белгілі болды. Оның орнына шарада орынбасары Мұхит Әзірбаев сөз сөйледі.
Almaty Investment Forum — жыл сайынғы инвестициялық форум. Іс-шара кәсіпкерлікті дамыту және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелерін талқылауға арналған. Форумға әртүрлі елдердің өкілдері қатысады.
Оқи отырыңыз: 
 
Жаңалықтар
0