Қоғам

Қаулы күшіне енді: кімдер бір аптаға үй карантиніне жіберіледі

© Photo : Рixabay/AnestievАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Бүгін, 3 желтоқсанда "омикрон" штамына байланысты санитарлық шараларды күшейтуді көздейтін қаулы күшіне енді
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Санитар дәрігердің Қазақстанға "омикрон" штамын кіргізбеу шаралары туралы соңғы қаулысында шетелден ұшып келетін жолаушыларға ерекше шектеулер қолданылады.
Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Израиль, Италия, Канада, Нидерланды, Чехияға барған адамдар 7 күн бойы үйде оқшауланады (үй карантині).
Бұл елдерден келген жолаушылар коронавирусқа қарсы вакцинасы және теріс нәтиже шыққан ПТР-анықтамасы болғанына қарамастан, үй карантиніне жіберіледі.
Құжатта айтылғандай, Қазақстанға әуе рейсімен келген барлық жолаушы мемлекеттік шекараны кесіп өтерде міндетті түрде теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) көрсетеді. Тест нәтижесі 3 тәуліктен асып кетпеуге тиіс. Ересектердің анықтамасы болған жағдайда, 5 жасқа дейінгі балалардан ПТР-тест талап етілмейді.
Сондай-ақ Израиль, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Бельгия және Египеттен келген азаматтар вакцинаның екі дозасын салдырғанына қарамастан, мерзімі 72 сағаттан аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын көрсетуге міндеттеледі. Бұл талап бес жасқа дейінгі балаларға қатысты емес.
Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамы әлемнің 23 елінде табылды – ДДСҰ
Халықаралық транзитпен жүрген жолаушыларға транзит аймағынан шығуға тыйым салынады.
Бұған қоса, Қазақстанға шет елден ұшып келген барлық адамның (Қазақстанның үкіметтік делегациялары, әуе компаниялары экипажын қоспағанда) дене қызуы өлшенеді, анкета толтырады және 3 тәуліктен аспаған ПТР-анықтама ұсынады.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Құжат 2021 жылы 3 желтоқсанда сағат 00.00-де күшіне енді.
Жаңалықтар
0