Жаңажылдық безендіру, архивтегі сурет

Маман болжам жасады: қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұр

73562
(Жаңартылды 12:54 03.01.2022)
Барыс жылы тұрғын үй арзандай ма, әлде қымбаттай ма? Халық пандемиямен байланысты карантиндік шектеулерден қашан құтылады? Астролог 2022 жылға болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Астролог Юлия Боргенс келіп жеткен Барыс жылына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Карантиндік шектеулер

Маманның болжамынша, коронавирус індетімен байланысты карантиндік шектеулер әлі бір жыл сақталады. Өйткені вирус ешқайда жоғалып кетпейді. Ел үкіметі халықтан белгілі бір санитарлық ережелер мен талаптарды сақтауды талап етеді.

"2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін карантиндік шектеулерден құтылмаймыз. Карантин тек келесі жылдың наурызына қарай жеңілдей бастайды", - деді Боргенс.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтарына дейін халықтың билікке деген қарсылығы, елде қабылданған заңдар мен талаптарға наразылығы ара-тұра көрініс береді.

Баспана, теңге, азық-түлік

Боргенс қаңтар айынан бастап кармалық түйіндер Торпақ-Сарышаян белгісіне өтетінін атап өтті. Ал бұл ақша, валюта, жылжымайтын мүлік нарығына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді

"Яғни, осылармен байланысты дүниелердің бағасы өседі. Тұрғын үй бағасы шарықтайды, валюта құнсызданады деген болжам бар. Жалпы 2022 жылы жылжымайтын мүлік саласында баспана арзандайды деп үміттену – бекершілік. Баға жүз пайыз төмендемейді. Керісінше, бәрі қымбаттайды. Өкінішке қарай, азық-түлік бағасы да түспейді", - деп бөлісті болжамын астролог.

Барыс жылы кімдердің жолы болады

2022 жылы бес шоқжұлдыз өкіліне сәттілік серігі болады. Олар: Шаян, Сарышаян, Торпақ, Тауешкі мен Балықтар. Ең бастысы, мүмкіндікті қолдан жіберіп алмау, деп ескертті Боргенс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АСТРОЛОГ (@astrolog_borgens)

Сонымен қатар, жазда 22 мамыр мен 7 шілде аралығында туған Егіздер, 21 наурыз – 6 сәуір аралығында дүниеге келген Тоқтылар, 22 қараша – 8 желтоқсанда туған Мергендер, 24 шілде мен 8 тамыз аралығындағы Арыстандар мен 21 қаңтар – 6 ақпанда туған Суқұйғыштардың жолы болады.

Бұдан бөлек, астрологтың айтуынша, 2022 жылдың 12 сәуірінен Юпитер Нептунмен қосылады. Бұл не әкеледі:

  • шығармашылыққа жаңа серпін беріп, шабыт сыйлайды;
  • кино, музыкада жаңа трендтер пайда болады;
  • медицинада жаңа сынақтар мен жаңалықтар жасалады;
  • жаңа мамандықтар, әсіресе, құпия, көбіне беймәлім мамандықтар пайда болуы мүмкін;
  • мұнай мен газ бағасы көтеріледі;
  • су тасқыны болжанып отыр;
  • жаңа идеология, діни секталарға кіріп кету қаупі бар;
  • игі істермен, қайырымдылықпен айналысу уақыты.
73562
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, 2022 жыл, болжам
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

5
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

5
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

203
(Жаңартылды 12:35 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

203
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев