Қоғам

Президент: интернетті белгілі бір уақыттарда қосу туралы шешім қабылдадым

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге жол берілмейтінін ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланысы белгілі бір уақыттарда қосылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдағанын айтты.
"Бұл шешім азаматтарымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететініне сенімдімін. Алайда, интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін", - деді Тоқаев өз үндеуінде.
Президент, ондай материалдар шықса, авторларын тауып жауапкершілікке тарту шаралары қабылданатынын ескертті.
Мемлекет басшысы 2020 жылдың мамыр айында өз ұсынысымен азаматтардың бейбіт жиналыстарды өткізуі туралы заң қабылданғанын атап өтті.
"Бұл заң, шын мәнінде, елімізде демократияны ілгерілету бағытында жасалған маңызды қадам. Өйткені құжатта митингілер мен жиналыстарды өткізу үшін рұқсат алудың қажет еместігі, тек билік органдарына ескерту жеткілікті екені қарастырылған. Жиынды еліміздің кез келген қаласының орталығында өткізуге болатыны көрсетілген", - деді ол.
Президенттің айтуынша, қай жерде жиналып, не айтсақ та құқымыз бар деп санайтын кейбір "құқық қорғаушылар" мен "белсенділер" өздерін заңнан жоғары қояды. Олардың жауапсыз әрекеттерінің кесірінен полиция қызметкерлері өздерінің негізгі құқықтық тәртіпті сақтау қызметіне толық көңіл бөле алмайды.
"Оларға көбінесе зорлық-зомбылық көрсетіп, тіл тигізеді. Осындай "белсенділердің" кесірінен интернет бұғатталады. Нәтижесінде миллиондаған азамат пен отандық бизнес зардап шегеді", - деді Тоқаев өз сөзінде.
Жаңалықтар
0