Алия Назарбаева

Әлия Назарбаева Алматы трагедиясына қатысты пікір білдірді

13829
(Жаңартылды 11:55 13.01.2022)
Әлия Назарбаева әкесі күнде тұрғындардан көптеген хат алып жатқанын жазды

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Алматы трагедиясына қатысты пікір білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Елде болып жатқан жағдай жүрегіме ауыр тиді. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың қайғысы мен іштегі өкінішті жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл қатаң сабақ барлығымыз үшін ел тарихындағы осындай соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде қаза болып жатқаны дұрыс емес", - деп жазды Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сондай-ақ желідегі оқырмандарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.

"Қазіргі кезеңде әкемді моральдық жағынан қолдап жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Әкем елдің әр аймағындағы тұрғындардан көптеген хабарлама алып жатыр. Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін", - деп жазды Назарбаева.

Алматы трагедиясы

5 қаңтарға қараған түні Алматыдағы митингілер тәртіпсіздіктерге ұласты. Артынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы құрал ретінде пайдаланылғанын атап өтті.

Алматыда тонау және адамдарды аяусыз өлтіру оқиғалары тіркелді. Тәртіпсіздікке қатысқандар қала әкімдігі мен бірнеше телеарна редакциясы жұмыс істеген ғимаратты өртеді. Әкімшілік ғимараттарға зиян келтірді, қалалық аурухананы талқандады, дүкендер мен өзге де нысандарды қиратты.

Қазір Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр. 

13829
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, Алматы, трагедия
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция (126)
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына неге қатыспай жүр
Әлия Назарбаева анасы туралы жазба жариялады
Бекболат Тілеухан, Дариға Назарбаева: бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
"Бәріміз оны қарсы алуға жүгіретінбіз ": Назарбаева әкесі туралы қызықты естелік айтты
Әлия Назарбаева кітабында не туралы жазғанын айтты – видео
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

19
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

19
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

597
(Жаңартылды 12:35 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

597
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақша, теңге, банкнот

"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті

0
Қор басшылығы барлық қаражаттың ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Бүгін, 17 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына жеке тұлғалардан 10 миллион теңге, заңды тұлғалардан 12 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"17 қаңтар күні таңертең қоғамдық қорға 6 519 қазақстандықтан 10,1 миллион теңге түсті. Заңды тұлғалар 12,36 миллиард теңге аударды", - делінген хабарламада.

Заңды тұлғалар арасында "Kaspibank" АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 миллиард теңге, "Халық" қайырымдылық қоры" ЖҚ – 2 миллиард теңге, "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС – 350 миллион теңге аударған.

"Қазақстан халқына" қоры ақша аударған барша қазақстандыққа, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз: Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорын басқарады

Қор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.

Бизнесмендер, меценаттар және жанашыр азаматтар "Қазақстан халқына" қорына мына деректемелер бойынша қаражат аудара алады:

  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ.
0
Кілт сөздер:
ақша