Қол алысқан жауынгер мен бала

Қол алысқан жауынгер мен баланың суреті: желіде танымал болған кейіпкерлер табылды

1058
(Жаңартылды 14:02 14.01.2022)
Ефрейтор Шахрух Хасановтың Ұлттық ұланда қызмет етіп жатқанына 10 жыл болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан желіде кеңінен тарап кеткен суреттің қалай түсірілгенін, фотодағы жауынгер мен баланың кім екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Осы күндері интернет желісінде жауынгер мен кішкентай баланың суреті пайда болып, тез тарап кетті. Жып-жылы сурет. Қоғам жақсы қабылдады. Бейбіт жауынгердің бейнесі. Осы суреттегі жауынгерді іздестірдік. Ол – Ұлттық ұланның жауынгері екен", - деп жазды Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желіде тарап кеткен фотодағы жауынгер мен баланың суреті
Желіде тарап кеткен жауынгер мен баланың суреті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінің ефрейторы Шахрух Хасанов қаңтардың 4-і күні дабыл белгісімен қызметке шыққан. Ол басқа әскерилермен бірге Шымкент қалалық әкімдігінің маңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылады.

"Әйгілі сурет 7 қаңтарда түсірілген екен. Әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрған жауынгерге бір кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем беріпті. Жауынгер де баланың қолын қайтармай, сәлемін алып, басынан сипап, әкесіне қарай жіберген. Әкесінің айтуы бойынша, неше күн үйде қамалып отырған бала әбден зерігіп, далаға серуенге шыққанына қатты қуанған. Ал осы сәтті сол маңайда түсірілім жасап жүрген "OTYRAR TV" журналистері түсіріп алған", - деп атап өтті Мұқан.

 Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінің ефрейторы Шахрух Хасанов
Шахрух Хасановтың екі ұлы бар.

Ефрейтор Шахрух Хасановтың Ұлттық ұланда қызмет етіп келе жатқанына 10 жыл болды. Үйленген, екі ұлы бар. Ұлдары да әке жолын қуып, әскери қызметкер боламыз дейді.

1058
Кілт сөздер:
сурет, жауынгерлер, бала
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

12
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

12
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

469
(Жаңартылды 12:35 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

469
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
архивтегі сурет

"Үш қалада онлайн болады": оқушылар III тоқсанда қалай оқиды

0
Ауылдың оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі III оқу тоқсанына қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, III тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Бірақ республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде білім алады.

"Бүгін, 17 қаңтарда үшінші оқу тоқсаны басталды. Бұл тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Санитарлық дәрігелердің шешім бойынша үш қала – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте қашықтан оқыту форматы болады. Қазіргі кезде барлық техникалық құрал-жабдық таратылды. Ал басқа өңірлерде бір мектепте 600-ден астам оқушы болса, олар да онлайн режимде оқиды. Бірақ 1-2 сынып оқушылары штаттық форматта білім алады. 3-5 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ұйымдастырылады", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ауылдың оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істейді.

Жалпы, республика бойынша 2 миллионнан астам оқушы (60 процент) дәстүрлі форматта білім алса, 1,5 миллионға жуық бала (40 процент) қашықтан оқиды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
оқушылар, білім