Ақша, теңге, банкнот

ТЖ режимі: зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдей алмағандар не істеуі керек

1482
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төтенше жағдай және шектеу шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыға құжат тапсыра алмаған қазақстандықтар режим аяқталғаннан кейін бір ай ішінде өтініш бере алады.

"Егер жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақыны, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға негіздер 2022 жылдың 1 қаңтарынан немесе төтенше жағдай кезеңінде басталса, көрсетілген кезеңде өтініш бермеген азамат төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде осы төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса ұсынып, өтініш бере алады", - делінген құжатта.

Бұл ретте төлемдер өтініш берген күннен емес, негіз туындаған күннен бастап тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздіктерден экономикаға $2,5 млрд шығын келді – сарапшы болжамы

Бұған дейін Қазақстанда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Жуырда президент жарлығымен Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталды.

1482
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, жәрдемақы, зейнетақы
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

30
(Жаңартылды 12:27 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

30
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Әуе емесі

Lufthansa әуе компаниясы 22 қаңтарға дейін Қазақстанға рейстерін тоқтатты

4
(Жаңартылды 12:25 17.01.2022)
Тиісінше Lufthansa-ның Қазақстаннан ұшулары да тоқтатылады. Азаматтық авиация комитеті 17 қаңтардағы рейстер кестесін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар - Sputnik. Дүйсенбі, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтаннан және Нұр-Сұлтанға Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Варшава, Жуковский, Екатеринбург, Ташкент, Франкфурт қалаларынан немесе осы қалаларға 23 халықаралық рейс орындау жоспарланып отыр.

Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан қалаларынан 43 халықаралық рейс орындалады. Кестеде Мәскеу, Дубай, Кувейт, Баку, Ташкент, Ыстанбұл, Шарджа, Киев, Анталья, Пхукет, Коломбо, Бішкек, Үргенч, Нүкіс, Тбилиси қалалары бар.

Қазақстан бойынша барлығы 66 рейс орындау жоспарланып отыр.

Lufthansa әуе компаниясы 22 қаңтарға дейін Қазақстаннан және Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

4
Кілт сөздер:
әуе компаниясы, Қазақстан, рейстер
Тақырып бойынша
Әнші Наzимa әуежайға жасалған шабуыл туралы: ұшақты жарып жібереді деп қорықтық
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды
Абаев бүлікшілердің Алматыны қалай басып алмақ болғанын айтты
Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды
Алматы әуежайы ойрандаушылардан босатылды