Әскери қызметкердің ұлымен кездескен сәті

Әкесін сағынған бала: қорғаныс министрлігі жүрек елжіретерлік видео жариялады

3769
Келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметкер көптен көрмеген ұлын құшағына басты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі ауыр жұмыстан оралған әскери қызметкердің кішкентай ұлымен кездескен сәті түсірілген видео жариялады.

Министрлік мәліметінше, кадрда – келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметкер, ефрейтор Асқар Ерасыл мен кішкентай Әділет.

Қазақстанның бірнеше өңірінде бүлік кезінде ондаған адам қаза тапты. Ата-аналар ұл-қызынан, ал балалар әке-шешесінен айырылды.

Мына жүрек елжіретерлік видео бұл өмірде ең бастысы – бейбітшілік, махаббат және отбасы екенін еске салады.

3769
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, видео
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

1
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

1
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

133
(Жаңартылды 12:35 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

133
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев