Көпқабатты үй

Көппәтерлі үйдегі қойманың салығы қалай төленеді комитет өзгерісті түсіндірді

35
Соңғы өзгерістер тұрақ орындарының иелеріне жаңадан салық салуды қарастырмайды, яғни салық жүктемесі өзгерген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті көппәтерлі тұрғын үйдегі қойманың салығын төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан көппәтерлі тұрғын үйде жеке мақсатта қолданылатын қоймалар үшін мүлік салығы есебін тапсырудың қажеті жоқ.

Бұрын жеке тұлғалар салық базасын өздері айқындап, есеп тапсыратын. Енді салық органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы белгілеп берген бағаның негізінде көппәтерлі үйдегі қоймалардың мүлік салығын есептеп отырады.

Қоймалар бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығы кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін есептеледі. Ал салықтың өзін 1 қазаннан кешіктірмей төлеу керек.

"Осылайша 2023 жылдан бастап көп пәтерлі тұрғын үйлердегі қоймалар үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық есептілігін ұсыну талабы алынып тасталды. Демек 2022 жылдың салықтық есебін тапсырудың қажеті жоқ", - дейді комитет мамандары.

Сондай-ақ заңмен салық салу объектісін және салық салу тәртібін айқындау бөлігінде "тұрақ орындары" термині нақтыланды.

"Бұл ретте "тұрақ орындарына" салық салу тәртібі өзгермегенін атап өту қажет, бұрынғыдай "тұрақ орындары" бойынша салықты есептеу "гараждарға" ұқсас жүргізіледі", - дейді салықшылар.

Соңғы өзгерістер тұрақ орындарының иелеріне жаңадан салық салуды қарастырмайды, яғни салық жүктемесі өзгерген жоқ.

35
Елжан Біртанов

Экс-министр Біртановтың ісі сотқа түсті

37
(Жаңартылды 11:52 17.01.2022)
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 7 қарашасынан бастап үйқамақта отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс астаналық сотқа түсті. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, іс әлі өндіріске қабылданған жоқ.

"Қылмыстық-процестік кодекс нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша бес тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешім қабылдайды", – делінген соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Іске қатысты өзге мәлімет кейін хабарланатыны айтылды.

Бұған дейін сот Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын. Ол кезде экс-министр іс материалдарымен тезірек танысуы үшін судьядан үйқамақтан босатуын сұраған еді. Біртанов үйқамақта болғандықтан, өзі және адвокаттары жұмыс күндері материалдарды фотоға түсіретінін алға тартты. Ол 13 қаңтарда  қаржы мониторингі агенттігі тарапынан тергеу жүргізу кезінде заң өрескел бұзылғаны туралы шағымы мен Бас прокуратураға өтініші қаралмағанын, бірақ айыптау актісі бекітілгенін мәлімдеді. Экс-министрдің адвокаты Бас прокурорға жүгінді.

Біртановтың ісі

Елжан Біртанов 2020 жылдың 7 қарашасынан бастап үйқамақта. Ол бастапқыда бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, кейін бап "қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану" деп өзгертілді.

Сот отырыстарында Біртанов жемқорлыққа қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді. Бұрынғы министр лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғанын да мойындамады.

37
Кілт сөздер:
Біртанов, экс-министр
Тақырып бойынша
Біртановтың ағасы тергеу туыстарына қысым көрсетіп отырғанын айтты
Біртанов бюджет қаражатын жымқырмаған болып шықты
Біртанов: мен бұл күдікпен де келіспеймін
Біртанов премьер-министр мен әріптестерін СOVID-тен қалай құтқарды
Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады
архивтегі сурет

Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

595
(Жаңартылды 11:19 17.01.2022)
Департамент бастығының міндетін полиция полковнигіЖасқайрат Қайыров атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы жазған баянатына сәйкес Павлодар облысы полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Департамент бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров атқарады.

Генерал-майор Нұрлан Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің туысы.

Мәсімовтің еңбек жолы

Нұрлан Мәсімов 1973 жылы Алматы облысының Ақсу ауданындағы Жансүгіров елді мекенінде дүниге келген. 1995 жылы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Одан кейін ішкі істер министрлігінің училищесінде және Қазақ ұлттық универсететінде білім алды. 2016 жылдан бастап президенттік резервте тұрған.

  • 2005-2008 жылдары – Алматы облыстық ішкі істер департаментіне қарасты Алакөл ішкі істер бөлімі басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық ішкі істер департаментіне қарасты Алакөл ішкі істер бөлімі басшысы;
  • 2010-2018 жылдары - Алматы облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;
  • 05.2019-11.2019 – ішкі істер министрлігінің жетінші департаментінің басшысы,
  • 2019 жылы қараша айынан бастап Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды;
  • 2021 жылы мамыр айында полицияның генерал-майоры шенін алды.

Оқи отырыңыз: 

Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды

Тоқаевтың жиені қызметінен босатылды

595
Блок бекеттегі полицейлер мен әскерилер

Нұр-Сұлтан комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады

0
Сегіз нысан коменданттық сағатты бұзған, үш көңіл көтеру мекемесінің лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Елордада өткен тәулікте 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелді. 177 адам төтенше жағдай режимін бұзды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы.

"Елордада жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін "коменданттық сағат" жалғасады. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Бір тәулік ішінде қалада 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелген, екі адам жарақат алды. Сондай-ақ "102" пультіне 1732 қоңырау түсті. Олардың көбі анықтамалық сипаттағы хабарламалар.

Комендатура мәліметінше, бір күнде астанада 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы блок бекеттер арқылы тауар өткізу тәртібі жарияланды

Бұдан бөлек, коменданттық сағатты бұзған 8 кәсіпкерлік субъектісі анықталды.

Есіл ауданында "Maestro" караоке клубы мен "KINGDOM" рестобары коменданттық сағатты елемей, азаматтарды қабылдаған. Кенесары көшесіндегі "Дыши" барында 35 адам болған. Барлық тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазір көңіл көтеру мекемелерінің лицензиясын кері қайтару мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлады комендатура.

Елорда комендатурасы тұрғындарға коменданттық сағатты бұзбауды, тәртіп пен тыныштық сақтауды ескертті.

0