Ақорда ғимараты

Тоқаев қаза тапқан әскери бөлім командирі орынбасарын марапаттады

83
Марқұм офицер әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бүлік кезінде қаза тапқан Қорғаныс министрлігі әскери бөлімі командирінің орынбасары Сәндібек Қайыровты ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

"Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров (марқұм) ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін Алматы жұрты 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Қайыровты ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысты.

Офицер хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болған еді. Оның қаза тапқаны 2022 жылдың 11 қаңтарында белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қаза тапқан әскерилер мен полицейлерді марапаттады

Сәндібек Қайыров Құрлық әскерлерінің Әскери институтын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. Қарулы күштерде взвод командирінен бастап десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасарына дейінгі лауазымда қызмет атқарды.

83
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

15
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

15
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

552
(Жаңартылды 12:35 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

552
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Кумтор Голд Компани атқарушы директоры Қанат Құрманов

Қазақстандық Қырғызстандағы Құмтор кен орнына атқарушы директор болып барды

0
Жаңа директордың тау-кен өндіру саласында жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық маман Қанат Құрманов "Құмтор голд компани" атқарушы директоры қызметін атқарады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қанат Құрмановты кен орнының жаңа басшылығы шақырған.

Сондай-ақ ол өзі жайлы әңгімелеп берді.

"Мен Ыстықкөл облысы Тоң ауданы Боконбаево ауылында тудым. Үш жасқа толғанда, ата-анам Қазақстанға көшті. Әкем — қырғыз, анам — қазақ. Бүгінде мен Қазақстан азаматымын. Жаңа басшылық кен орнында сыртқы басқару енгізілген соң, мені шақырды. Менің мамандығым — пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер. Жоғары оқу орнын 2006 жылы тәмамдадым, алайда өндірістік кәсіпорындарда 2003 жылдан бері қызмет етемін", - деді Құрманов.

Айтуынша, оның тау-кен өндіру саласында 20 жыл, ал Қазақстандағы тау-кен байыту фабрикасында 18 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

Оқи отырыңыз: 

Асқар Ақаев Қырғызстанға ұшып келді

Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?

0
Кілт сөздер:
Қырғызстан, кен орыны