Архивтегі сурет

Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді

31
Ақпарат министрлігі қазақстандықтарды тек шынайы және ресми ақпаратқа сенуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде хабар-ошарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинайтын izsizqantar.com сайты Қазақстанда тіркелмеген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлады.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар жайлы ақпарат жинайтын сайт іске қосылғаны хабарланды. Сайт адамдардың жеке деректерін сұратады. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейтіні көрсетілген.

Ақпарат және даму министрлігі Sputnik Қазақстанға осы сайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство сайт Қазақстанда тіркелмегенін атап өтті.  

"izsizqantar сайты Қазақстанда тіркелмеген және ресми ақпараттың интернет-ресурсы емес. Шынайы және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", -делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 4 қаңтардан бастап 22 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылған. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр.

31
Кілт сөздер:
министрлік, сайттар
Самат Абиш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

22
(Жаңартылды 12:26 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

22
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Әуе емесі

Lufthansa әуе компаниясы 22 қаңтарға дейін Қазақстанға рейстерін тоқтатты

3
(Жаңартылды 12:25 17.01.2022)
Тиісінше Lufthansa-ның Қазақстаннан ұшулары да тоқтатылады. Азаматтық авиация комитеті 17 қаңтардағы рейстер кестесін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар - Sputnik. Дүйсенбі, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтаннан және Нұр-Сұлтанға Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Варшава, Жуковский, Екатеринбург, Ташкент, Франкфурт қалаларынан немесе осы қалаларға 23 халықаралық рейс орындау жоспарланып отыр.

Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан қалаларынан 43 халықаралық рейс орындалады. Кестеде Мәскеу, Дубай, Кувейт, Баку, Ташкент, Ыстанбұл, Шарджа, Киев, Анталья, Пхукет, Коломбо, Бішкек, Үргенч, Нүкіс, Тбилиси қалалары бар.

Қазақстан бойынша барлығы 66 рейс орындау жоспарланып отыр.

Lufthansa әуе компаниясы 22 қаңтарға дейін Қазақстаннан және Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

3
Кілт сөздер:
әуе компаниясы, Қазақстан, рейстер
Тақырып бойынша
Әнші Наzимa әуежайға жасалған шабуыл туралы: ұшақты жарып жібереді деп қорықтық
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды
Абаев бүлікшілердің Алматыны қалай басып алмақ болғанын айтты
Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды
Алматы әуежайы ойрандаушылардан босатылды