Қоғам

Бас прокуратура елдегі бүлікке қатысты тағы бір дерек жариялады

© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуРабочие во время обеда в перерыве восстановительных работ пострадавшего от пожара здания Акимата в Алма-Ате
Рабочие во время обеда в перерыве восстановительных работ пострадавшего от пожара здания Акимата в Алма-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа берілмей, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Қазақстанның бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин.
"Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. 695 адамды сот қамаққа алды. Бұл істер ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Олардың барлығы бойынша прокурорлар азаматтардың құқығының сақталуын қамтамасыз етіп жатыр", - деді Серғазин.
Осылайша 44 іс терроризм актілері бойынша, 15 іс кісі өлтіру бойынша, 6 іс насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қылмыстық істердің барлық айыптаушысына, оның ішінде ұсталғандарға уақытылы заң көмегі көрсетіліп жатыр", - деді Азамат Серғазин.
Сондай-ақ Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа берілмей, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге, құқықтық тәртіпті сақтауға шақырды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0