Қоғам

Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Желіде "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы" жарлықтың мәтіні пайда болды. 
Жарлық мәтіні online.zakon.kz порталында жарияланған. 
2022 жылдың 19 қаңтарындағы құжатқа сәйкес, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құруды қаулы еткен. Сондықтан осымен байланысты өзгерістер мен толықтыруларды бекіту қажет.
Үкіметке осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
0