Байқоңыр

Атамқұлов "Байқоңырдан" әскерилердің шығарылуына қатысты түсініктеме берді

43
(Жаңартылды 11:18 31.05.2018)
Әзірге Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағынан ресейлік әскерилерді шығаруға қатысты келіссөздер жүргізілмеген

АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскерилерін шығаруы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, шынымен, Ресей Федерациясында әскерилерді "Байқоңыр" ғарыш айлағынан толығымен шығару мәселесі қаралып жатыр. Әзірге біз бұған қатысты нақты екіжақты келіссөздер жүргізген жоқпыз. Бірақ бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр", — деді Атамқұлов. 

Министр бұл шешімнің пайдалы тұстары барын айтты. 

"Әскерилер шығарылса, ашық коммерциялық жобаларды тартуға мүмкіндік туады. Бүгінде әлемде коммерциялық сала айтарлықтай қызықты салаға айналуда. Әлемде мыңнан аса спутник ұшу қызметін күтіп отыр", — деп атап өтті ведомство басшысы.

43
Кілт сөздер:
ресейлік әскерилер, "Байқоңыр" ғарыш айлағы, Бейбіт Атамқұлов

"Буран" ғарыш кемесінің иесі табылды: ендігі тағдыры қалай болады

55
(Жаңартылды 10:09 19.11.2020)
Бұған дейін Дәурен Мұса бұл кешен жеке адамға емес, "Байқоңыр" ракеталық-ғарыштық компаниясы" АҚ-ға тиесілі деп айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин "Буран" ғарыштық кемесіне иелік етіп отырған "Байқоңыр" РҒК" АҚ басшысы Дәурен Мұсаға жауап берді. Ол ресейлік ғарыш ұйымының өкілдері қазақстандықпен байланысатындығын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жауап жазғаныңа рақмет, Мұса. Негізінен, мұндай бірегей заттарды сақтау шарттары дабыл көтеретіндей. Егер қарсы болмасаңыз, "Роскосмостың" өкілдері осы машиналардың алдағы тағдырын талқылау үшін сізбен кездесуге дайын", – деп жазды Рогозин Twitter-де.

Ал бұған дейін Дәурен Мұса аталған кеме жеке адамға емес, "Байқоңыр" РҒК-ге тиесілі деп айтқан болатын.

"Құрметті Дмитрий Олегович (Рогозин), "Буран 1.02" мен ПМ "OK-MT 0.07" ғарыштық аппараттары жеке адамға емес, "Байқоңыр" РҒК" АҚ-ға тиесілі. Біз ғарыштық компаниямыз бен осы зымырандарды сақтап қалу үшін көп ресурстар жұмсаймыз. Бұл біздің ортақ тарихымыз", – деп жазды ол.

Схема космического корабля Буран
© Sputnik / Алексей Куденко
"Буран" ғарыштық кемесінің сызба-нұсқасы.

Айта кетейік, бірнеше кұн бұрын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған "Буранның" иесін табуға тырысқаны хабарланған. Алайда, ғарыштық кеме қазақстандық белгісіз жеке адамға тиесілі екендігі мәлім болған.

6 миллион еуроға бағаланған

Әңгіме өзегі ұшуға дейін құрастырылып-жанармай құю кешенінде 95-97% дайын болған екінші кеме туралы болып отыр. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ол "Мир" станциясына 1991 жылы ұшуы тиіс еді.

Ал алғашқы "Буран" кемесі 2002 жылы Байқоңырдағы құрастыру-сынақ ғимаратының төбесінің құлауымен қирады. Содан кейін, ғарыш айлағы орналасқан жердегі ғимараттың шатырын жөндеу кезінде төбесі опырылып, жеті жұмысшы қаза тапты.

Советский космический корабль многоразового использования Буран во время демонстрации американцам на космодроме Байконур, 1989 год
© Sputnik / Вячеслав Бобков
Көп реттік пайдалануға арналған "Буран" ғарыштық кемесін америкалықтарға таныстырып тұрған сәт. "Байқоңыр" ғарыш айлағы, 1989 жыл.

"Буран" туралы арнайы сайт жасап, кітап жазған тарихшы Вадим Лукашевич, бір кездері техникалық Шпайер музейінің неміс мамандары "Буранның" иесімен оны тасымалдау шығынынсыз, алты миллион еуроға сатып алу туралы келіссөздер жүргізгенін айтады.

2019 жылы "Патриот" саябағының өкілдері "Буранды" саябақ алаңына жеткізу үшін оның иелерін табуға көмектес деп Лукашевичке хабарласқан. Алайда, Қазақстан билігі "Буранды" Нұр-Сұлтандағы саябаққа орнатуға шешім қабылдағандықтан, келіссөздер баға туралы әңгімеге дейін жетпеген.

Оқи отырыңыз: Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Ал Sputnik Қазақстанға астана әкімдігі Нұр-Сұлтандағы кеме ұшақтың үлгісі ғана екенін хабарлады.

Лукашевичтің өзі болса, қазіргі кезде кеме күзетілмейтінін айтып, қиын жағдайда тұр деп қынжылды.

55
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Ғарыш саласына қатысты ұсыныс төңірегінде пікірталас туындады
"Жеңіс зымыраны" халықаралық ғарыш станциясына сәтті қондырылды – видео
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
"Қазақстан Ғарыш Сапары" мен Қазғарыштың бұрынғы басшылығы тергеуге алынды - видео
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" жобасына қатысты келісімге қол қойды

75
Қазақстан мен Ресей тарапы бірлесіп "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құрады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамытуды, сонымен қатар "Бәйтерек" ("Назарбаев старты"), "Гагарин старты" жобаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, "ЦЭНКИ" АҚ бас директоры Андрей Охлопков және "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны "АҚ бас директоры Қуат Мұстафинов "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Бәйтерек – экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен, ресейлік "Союз-5" зымыран-тасымалдағышымен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен.

Бұл жобада Ресей тарапы "Союз-5" зымыран тасығышын, техникалық және ұшыру кешендерінде бақылау-тексеру аппаратурасын жасауды, сондай-ақ, үдеткіш блоктың, ғарыш аппараты мен ғарыш бас бөлігінің техникалық кешенін жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан тарапы "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымы нысандарын қайта құрады және жаңғыртады.

75
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты

0
Қазақстанда кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр   

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерге екі жәрдемақыны қатар алуға құқық беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Біржан Нұрымбетов азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы туралы айтып берді.  

Оқи отырыңыз: Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды 

"Өкінішке қарай, біздің қолданыстағы заңнамамызда әлеуметтік тұрғыдан әділетсіз нормалар бар. Бірнеше мысал келтірейін. Бізде бірінші топтағы мүгедекті күтуге жәрдемақы қарастырылған. Бірақ неге екені белгісіз, бұл жәрдемақы адам бала кезінен мүгедек болса ғана беріледі. Ал ересек кезінде мүгедек болып қалғандар не істейді? Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау жәрдемақысын барлығы алу үшін біз мұны түбегейлі өзгерткіміз келеді", - деді Нұрымбетов Азаматтық форумда.

Ол мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға қатысты тағы бір мысал келтірді.   

"Отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекет тарапынан балаларға жәрдемақы беріледі. Ал мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы бұдан құр қалады – мұндай кезде заң мүгедектік бойынша жәрдемақы алып отырсың дейді. Біз бұл әділетсіз деп санаймыз. Сондықтан осы заң жобасында бұл жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен  асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақыны қатар алу жағын қарастырамыз", - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, мүгедек деген ұғымды "мүгедектігі бар адамға" ауыстыру, мүгедектіктің 1-2 тобы анықталған жағдайда, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жасқа дейін тұрғын үй алған отбасылардың баспана алу кезегін сақтау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, заң жобасында 2023 жылдан бастап инватакси қызметін көрсету, 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыра отырып, мүгедектік топтарына бөлу қарастырылады.

0
Кілт сөздер:
мүгедектер, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы екі есе артады
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Елорда әкімдігі 44,5 мың теңге әлеуметтік көмек кімдерге берілетінін түсіндірді