Метеорит

Жерге ірі астероид жақындап келеді - видео

2589
(Жаңартылды 17:35 18.03.2019)
EA2 астероиды Жерге Айдан да жақын бола түседі

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Нысан мен  біздің планетаның арасы 22 наурыз күні  барынша қысқармақ. Ол шамамен 305 мың шақырым аралықта ұшып өтеді деп күтіліп отыр. Бұл - Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан  80 мың шақырымға аз, деп хабарлайды РИА Новости.

​Астероидтың жылдамдығы секундына бес шақырым шамасында, диаметрі – 18-40 метрге дейін жетеді.

Қыркүйек айында NASA ғалымдары Жерге өлшемі 70-тен 160 метрге дейінгі SP1 астероидының жақындағаны жайлы хабарлаған болатын. Нысан ғаламшардан 5,87 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтті.

2589
Кілт сөздер:
астероид, видео, ғарыш
Тақырып бойынша
"Өлім кометасы": Бүгін аса қауіпті астероид Жерге барынша жақындайды
Жерге адамның бассүйегі пішіндес астероид тақап келеді
Ғарышкер Айдын Айымбетов

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке кірісті

44
(Жаңартылды 13:43 27.09.2021)
Айдын Айымбетов – ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-майоры. "Халық қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені секілді мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары бар

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Айдын Ақанұлы Айымбетов сайланды.

Айдын Айымбетовтың өмірбаяны

Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

Армавир жоғары әскери авиация училищесін, Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығын, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.
ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жоюшы және авиациялық буын командирі ретінде қызмет етті. 2015 жылдың қыркүйегінде "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің борт инженері ретінде халықаралық ғарыш станциясына ғарышқа ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды:

  • 2009-2010 жылдары-Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі;
  • 2010-2011 жылдары Қазғарыштың Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;
  • 2011-2014 жылдары "Сұлтанғазин атындағы "Ғарыштық зерттеулер институты" ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары;
  • 2014-2016 жылдары Қазғарыш " Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;
  • 2016-2019 жылдары "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті;
  • 2019-2021 жылдары "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары басқарма өндірісі бойынша мүшесі.
  • 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

"Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы қазіргі, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды әзірлеумен және іске асырумен, ғарыш технологияларын енгізумен, ғарыш жүйелері мен кешендерін құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізумен айналысады.

44
Кілт сөздер:
ғарышкер, Айдын Айымбетов
Тақырып бойынша
"Назарбаев елге жариялап қойыпты": Әубәкіров қалай ғарышкер болғанын айтып берді
"Қолдан келгеннің бәрін жасады": Ғарышкер апаттан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты
Ғарышкерлер ұшар алдында не істейді – Байқоңырда түсірілген видео
Ғарышқа Гагарин шақырды: Байқоңырда ғарыш саласының жұлдыздары кездесті - видео
Қазақтан шыққан ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы не білеміз?
Ғарыш станциясы

Ғарыш станциясында модульден өрт шықты

35
(Жаңартылды 15:42 09.09.2021)
Ғарышкерлер бүгінге жоспарланған ашық ғарыш кеңістігіне шығуға дайындықты жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Халықаралық ғарыш станциясындағы "Звезда" ресейлік модулінде сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өрт шығып, ескерту дабылы іске қосылды. Бұл туралы НАСА трансляция жүргізген экипаждың Жермен арадағы әңгімесінен белгілі болды.

Ғарышкер Олег Новицкий Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00 шамасында Мәскеу маңындағы Ұшуларды басқару орталығына өрт туралы ескерту дабылы іске қосылғанын, экипаж түтін көргенін және күйік иісін сезіп тұрғанын хабарлады, деп жазды РИА Новости. Аспаптар медициналық шкаф жанында зиянды заттар бар екенін анықтады.

Кейінірек француз ғарышкері Том Песке жанып кеткен пластик немесе электроника иісі желдету жолдары арқылы ресейлік сегменттен америкалыққа өткенін мәлімдеді.

Ұшуларды басқару орталығы түтін шыққан аумақтағы панельдерді ашып, оның арғы жағындағы кеңістікті шолып шығуға кеңес берді. Ғарышкерлер Петр Дубров пен Олег Новицкий осы әрекетті орындағанмен, түтін шыққан аумақты таба алмады. Кейінірек олар станция атмосферасын зиянды қоспадан тазарту үшін фильтрді іске қосты.

Роскосмос бұл оқиға экипаж жоспарына әсер етпегенін мәлімдеді. Олар бүгін кешке жоспарланған ашық ғарышқа шығуға дайындықты жалғастырып жатыр. Барлық жүйе штатты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Датчик іске қосылғаннан кейін халықаралық ғарыш станциясындағы иіс біршама бәсеңдегенмен, толық кетпеген. Оған фильтрдің ұзақ жұмыс істемегені себеп болуы мүмкін.

"Экипаж 08:20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:20) оянып, А2 фильтрі сөніп тұрғанын байқаған. Егер модуль ішінде ұзақ уақыт болсаң, иіс сезілмей қалады, бірақ модульге кірген кезде иіс қатты білінеді", - деді Новицкий.

Қазір Халықаралық ғарыш станциясында ресейлік Олег Новицкий мен Питер Дубров, американдықтар Марк Ванде Хай, Шейн Кимброу мен Меган МакАртур, жапон Акихико Хосиде (станция командирі) және француз Том Песке бар 65-ші экспедиция жұмыс жасап жатыр.

35
Кілт сөздер:
ғарыш
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0