Путин "Бәйтерекке" Назарбаевтың атын беруді ұсынды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев
Президент РФ Владимир Путин и первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ВДНХ-дағы жаңартылған "Қазақстан" павильонын аралады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешеніне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.

Еске сала кетсек, Елбасы сенбі күні Мәскеуге Қала күніне орай барған болатын. Назарбаев пен Путин ВДНХ-дағы жаңартылған "Қазақстан" павильонын аралады. Экскурсия барысында Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин мен Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев кешеннің құрылу процесі туралы баяндады.

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуНазарбаев пен Путин "Қазақстан" павильонына барды
Путин Бәйтерекке Назарбаевтың атын беруді ұсынды - Sputnik Қазақстан
Назарбаев пен Путин "Қазақстан" павильонына барды

Путин кешеннің атауы неге "Бәйтерек" деп сұрағанда, Назарбаев мағынасы "өмір ағашы" екенін түсіндіріп, бәйтерек туралы қазақ аңызын айтып берді.

"Одан да "Нұрсұлтан" деп атайық. Бұл жобаны жасаған сіз ғой", - деп ұсыныс айтты Путин. Ал Назарбаев жобаның "Ресей мен Қазақстанның серіктестігі арқасында жүзеге асып жатқанын және оның ғарыш саласын жаңа деңгейге көтеретінін" атап өтті.

Елбасы ұсынысқа жауап ретінде басқа ой тастады: "Нұрсұлтан" емес, басқаша атайық, "Назарбаев" болсын".

Тағы оқыңыз: Назарбаев елорда көшелерінің атауы туралы: кім болса, соның есімін беруді қойыңдар

"Жақсы, келістік", - деді Путин жымиып.

Путин және Назарбаевпен бірге павильонды аралаған премьер-министр Дмитрий Медведевтің атап өткендей, "мұндай атауы бар жобаны сапалы жүзеге асыру керек".

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуБүлдіршін қыздар Назарбаев пен Путинге гүл сыйлады
Путин Бәйтерекке Назарбаевтың атын беруді ұсынды - Sputnik Қазақстан
Бүлдіршін қыздар Назарбаев пен Путинге гүл сыйлады

Павильон алдында қонақтарды қазақтың ұлттық киімін киген қыздар қарсы алып, гүл сыйлаған. Путин мен Назарбаев театрландырылған қойылым тамашалап, кейін кіреберісте тұрған киіз үйге кірді. Онда қолөнер және көрмесі мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бар. Көрме ұйымдастырушылары Путин, Медведев және Назарбаевқа Қазақстанның атақты апорт алмасын ұсынды.

"Бәйтерек" жобасы

2018 жылдың 22 тамызында Қазақстан мен Ресей Байқоңырда "Бәйтерек" зымыран ұшыру кешенін құру туралы келісімге қол қойды. Осы жоба туралы сонау 2004 жылы бастама көтерілген еді. "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешені "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған.

Жаңа кешеннен зымыран алғаш рет 2022 жылы ұшырылады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстан бірнеше рет жобаны қаржыландыру мерзімін кейінге қалдырды.

2017 жылы "Қазғарыш" мәселені қосымша зерттеу үшін үзіліс алса, кейін модернизация мерзімі 2018 жылдың күзі деп белгіленді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан жобаны қаржыландыруды 2019 жылдың соңында бастайтынын мәлімдеп, көп ұзамай тағы кейінге жылжытты.

2017 жылғы болжам бойынша, "Бәйтерек" кешенінің құны: 500 миллион доллар зымыран тасығышты жасауға кетеді (оны Ресей төлейді) және 245 миллион доллар жердегі инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады (Бұл шығынды Қазақстан өз мойнына алған).

Жаңалықтар
0