Пуск РН Союз-ФГ с ТПК Союз МС-15, архивтегі сурет

"Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады

105
Қызылорда облысының билігі Байқоңырда туризм үшін барлық жағдай жасалады деп сендіріп отыр: қонақ үйлер, музейлер мен алаңдар ашылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. "Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағын құруға жүз миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Baikonyr Invest форумының пленарлы отырысының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір арнайы экономикалық аймақ құру жобасы әзірленді, үкіметаралық комиссияның келісімі бар. Жергілікті бюджеттен "Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағын құру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме үшін 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ТЭН құжаттары мемлдекеттік сараптамадан өтіп жатыр", - деді Ысқақов.

Ол арнайы экономикалық аймақ құрудағы басты мақсат "Байқоңыр" халықаралық ғарыш портын құру екенін атап өтті. Әкім, сондай-ақ, "Байқоңыр" кешенінде халықаралық туризмді дамытуға баса назар аударылатынын айтты.

"Байқоңыр" кешенінде және Байқоңыр қаласында халықаралық туризм үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Бізде осындай тапсырма бар. Халықаралық стандарттарға сай қонақ үйлер, жаңа нысандар, павильондар, музейлер, зымырандардың ұшу сәтін тамашалауға арналған алаңдар салынады", - деді аймақ басшысы.

Тағы оқыңыз: Ресей 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады

Қызылордада он бірінші халықаралық Baikonyr Invest инвестициялық форумы басталды. Биыл ол инвестициялық ынтымақтастықтың тұрақты өсімі мен жаңа мүмкіндіктеріне арналған.

Sputnik Қазақстан – Baikonyr Invest форумының ақпараттық серіктесі.

105
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, Байқоңыр, Ресей

"Буран" ғарыш кемесінің иесі табылды: ендігі тағдыры қалай болады

55
(Жаңартылды 10:09 19.11.2020)
Бұған дейін Дәурен Мұса бұл кешен жеке адамға емес, "Байқоңыр" ракеталық-ғарыштық компаниясы" АҚ-ға тиесілі деп айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин "Буран" ғарыштық кемесіне иелік етіп отырған "Байқоңыр" РҒК" АҚ басшысы Дәурен Мұсаға жауап берді. Ол ресейлік ғарыш ұйымының өкілдері қазақстандықпен байланысатындығын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жауап жазғаныңа рақмет, Мұса. Негізінен, мұндай бірегей заттарды сақтау шарттары дабыл көтеретіндей. Егер қарсы болмасаңыз, "Роскосмостың" өкілдері осы машиналардың алдағы тағдырын талқылау үшін сізбен кездесуге дайын", – деп жазды Рогозин Twitter-де.

Ал бұған дейін Дәурен Мұса аталған кеме жеке адамға емес, "Байқоңыр" РҒК-ге тиесілі деп айтқан болатын.

"Құрметті Дмитрий Олегович (Рогозин), "Буран 1.02" мен ПМ "OK-MT 0.07" ғарыштық аппараттары жеке адамға емес, "Байқоңыр" РҒК" АҚ-ға тиесілі. Біз ғарыштық компаниямыз бен осы зымырандарды сақтап қалу үшін көп ресурстар жұмсаймыз. Бұл біздің ортақ тарихымыз", – деп жазды ол.

Схема космического корабля Буран
© Sputnik / Алексей Куденко
"Буран" ғарыштық кемесінің сызба-нұсқасы.

Айта кетейік, бірнеше кұн бұрын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған "Буранның" иесін табуға тырысқаны хабарланған. Алайда, ғарыштық кеме қазақстандық белгісіз жеке адамға тиесілі екендігі мәлім болған.

6 миллион еуроға бағаланған

Әңгіме өзегі ұшуға дейін құрастырылып-жанармай құю кешенінде 95-97% дайын болған екінші кеме туралы болып отыр. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ол "Мир" станциясына 1991 жылы ұшуы тиіс еді.

Ал алғашқы "Буран" кемесі 2002 жылы Байқоңырдағы құрастыру-сынақ ғимаратының төбесінің құлауымен қирады. Содан кейін, ғарыш айлағы орналасқан жердегі ғимараттың шатырын жөндеу кезінде төбесі опырылып, жеті жұмысшы қаза тапты.

Советский космический корабль многоразового использования Буран во время демонстрации американцам на космодроме Байконур, 1989 год
© Sputnik / Вячеслав Бобков
Көп реттік пайдалануға арналған "Буран" ғарыштық кемесін америкалықтарға таныстырып тұрған сәт. "Байқоңыр" ғарыш айлағы, 1989 жыл.

"Буран" туралы арнайы сайт жасап, кітап жазған тарихшы Вадим Лукашевич, бір кездері техникалық Шпайер музейінің неміс мамандары "Буранның" иесімен оны тасымалдау шығынынсыз, алты миллион еуроға сатып алу туралы келіссөздер жүргізгенін айтады.

2019 жылы "Патриот" саябағының өкілдері "Буранды" саябақ алаңына жеткізу үшін оның иелерін табуға көмектес деп Лукашевичке хабарласқан. Алайда, Қазақстан билігі "Буранды" Нұр-Сұлтандағы саябаққа орнатуға шешім қабылдағандықтан, келіссөздер баға туралы әңгімеге дейін жетпеген.

Оқи отырыңыз: Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Ал Sputnik Қазақстанға астана әкімдігі Нұр-Сұлтандағы кеме ұшақтың үлгісі ғана екенін хабарлады.

Лукашевичтің өзі болса, қазіргі кезде кеме күзетілмейтінін айтып, қиын жағдайда тұр деп қынжылды.

55
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Ғарыш саласына қатысты ұсыныс төңірегінде пікірталас туындады
"Жеңіс зымыраны" халықаралық ғарыш станциясына сәтті қондырылды – видео
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
"Қазақстан Ғарыш Сапары" мен Қазғарыштың бұрынғы басшылығы тергеуге алынды - видео
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" жобасына қатысты келісімге қол қойды

76
Қазақстан мен Ресей тарапы бірлесіп "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құрады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамытуды, сонымен қатар "Бәйтерек" ("Назарбаев старты"), "Гагарин старты" жобаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, "ЦЭНКИ" АҚ бас директоры Андрей Охлопков және "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны "АҚ бас директоры Қуат Мұстафинов "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Бәйтерек – экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен, ресейлік "Союз-5" зымыран-тасымалдағышымен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен.

Бұл жобада Ресей тарапы "Союз-5" зымыран тасығышын, техникалық және ұшыру кешендерінде бақылау-тексеру аппаратурасын жасауды, сондай-ақ, үдеткіш блоктың, ғарыш аппараты мен ғарыш бас бөлігінің техникалық кешенін жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан тарапы "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымы нысандарын қайта құрады және жаңғыртады.

76
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

0
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

0
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді