Ғарыш кеңістігі

NASA жұлдыздың ғаламат жарқылы түсірілген видео жариялады

123
Күннен бес миллиард есе артық болған жұлдыз жарқылы Жерден 70 миллион жарық жылындай қашықта орналасқан

НҰР-СҰЛТАН,  11 қазан – Sputnik. АҚШ-тың ұлттық аэроғарыш және ғарыш кеңістігі (NASA) ғалымдары ғаламат жұлдыздың жарқылын жұртшылық назарына ұсынды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NASA (@nasa)

Олар жарқылды Хаббл телескопының көмегімен түсірген. НАСА-ның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видео бір жыл бойы үздіксіз бақылау жүргізудің нәтижесінде түсірілген. 

"Хаббл телескопы жарылыс салдарынан жұлдызшалардың ғаламға шашыраған жарқылын түсіріп алды. Бұл жақын аралықтағы уақыт көрінісі емес, бір жылға жуық уақыттық жарық жылдамдығын қамтитын жарқыл. Ол алдымен спиральды галактиканың сыртқы шетінен 70 миллион жарық жылындай жанып тұрған жұлдыз ретінде пайда болды. Бұл біздің Күннен 5 миллиард есе жарқын", – делінген америкалық ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, NASA эпидемиядан кейін жұлдыз көміртегі, темір және гелийге ыдырады деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 19 жастағы алматылықтың өнертабысына Microsoft пен НАСА қызығушылық танытты

123
Кілт сөздер:
күн, жұлдыздар, жер
Тақырып бойынша
Ғарыш саласына қатысты ұсыныс төңірегінде пікірталас туындады
"Жеңіс зымыраны" халықаралық ғарыш станциясына сәтті қондырылды – видео
"Қазақстан Ғарыш Сапары" мен Қазғарыштың бұрынғы басшылығы тергеуге алынды - видео
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
"Прогресс МС-15" ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылады - тікелей трансляция
Премьер-министр Мамин мен Роскосмос басшысы Рогозиннің кездесуі

Нұр-Сұлтанда Мамин мен "Роскосмос" басшысы Рогозин кездесті

61
(Жаңартылды 16:16 21.08.2020)
Тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасы мен "Гагарин стартын" жаңғырту және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен үшжақты жобаны талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

"Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасы мен "Гагарин стартын" жаңғырту және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен үшжақты жобаға ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады

Кездесуге Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин де қатысты.

61
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, Асқар Мамин
Тақырып бойынша
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
"Жеңіс зымыраны" халықаралық ғарыш станциясына сәтті қондырылды – видео
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
"Қазақстан Ғарыш Сапары" мен Қазғарыштың бұрынғы басшылығы тергеуге алынды - видео
"Прогресс МС-15" ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылады - тікелей трансляция
Ғарыш айлағы

"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

66
(Жаңартылды 09:23 02.06.2020)
Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңырдың мерейтойымен құттықтап, даму жоспарын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Союз-2" және "Союз-5" ракеталарын ұшыруға арналған старттық кешендер жаңғыртылады, деп хабарлады Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.

"Ғарыш бағдарламасында мақсатты ақты айқындау маңызды. Гагарин стартын ("Союз-2" ракетасы үшін) қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақында аяқталады", - деді ол.

Роскосмос өкілі "Байтерек" немесе "Назарбаев старты" жобасы маңызды екенін атап өтті. Бұл - "Зенит" ракетасына арналған кешенді қалпына келтіру жұмысы.

Сондай-ақ, "Зениттен" де қуатты "Союз-5" ракетасын жасау жоспарланып отыр. Ол орбитаға 17 тонна жүктеме шығара алады. Оның мақсаты - коммерциялық іске қосу қызметтерін қамту.

"Алдағы жылдары бұл кешендер жұмыс істей бастаған кезде Байқоңыр екі ел байланысын одан әрі нығайта түсетін факторға айналады", - деді Рогозин.

2 маусымда "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толып отыр.

66
Кілт сөздер:
мерейтой, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады
"Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады
Байқоңыр айлағынан ғарышқа робот ұшырылады
"Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылады
Жасөспірім

Қостанайда педофил қолынан қаза тапқан қыздың ағасы іздестірілуде

0
Қостанай облысы Бағаналы ауылының жиырма жастағы тұрғыны Олег Ганя 15 қазанда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер мен еріктілер 15 қазанда үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Олег Ганяны іздестіріп жатыр.

20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады.

"2000 жылы 23 шілдеде дүниеге келген Олег Ганя Викторович іздестіріліп жатыр. Ол 15 қазанда Бағаналы ауылындағы үйінен Павлов ауылына шығып кеткен. Қостанай қаласында болуы мүмкін", – деп нақтылады еріктілер әлеуметтік желіде.

Олег Ганяның бойы 175 сантиметр, дене бітімі орташа, ақшыл сары шашты, сұр-көк көзді. Үстіне көгілдір түсті камуфляжды костюм киген.

"Оныншы аймақ" пен "Дос" тобының өкілдері іздеу жұмыстарына кірісті. Біз Киев ауылындағы пәтер иелерінің кооперативі аймағынан іздеп жатырмыз. Сол жақтан адамдар хабарласып, көргендерін айтты. Бұл жұмысқа 60-қа жуық ерікті жұмылдырылды. Барлық шара полициямен бірлесіп атқарылуда", – деді Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен қостанайлық еріктілер.

Ал қандай да бір ақпарат беремін деген адамдар 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, еріктілер Олег Ганя Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін хабарлады.

Еске салайық, 2014 жылы жеті жастағы қыз педофилдің құрбаны болды.

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Оқи отырыңыз: "Ақылымнан адастым": Рудныйда 7 жасар қызды зорлаған педофил қылмысы туралы айтты

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

0
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, оқиға, педофил
Тақырып бойынша
Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде
Қостанай облысында алты тәулік бойы жоғалған аңшы іздестірілуде
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде