Астероид, иллюстративті сурет

Жерге қарай алып астероид жақындап келеді

1981
Аспан денесінің диаметрі 213 метрге жуықтайды. Астероид пен Жер арасындағы қашықтық шамамен төрт миллион километр болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Жерге көлемі футбол стадионына жуықтайтын астероид жақындап келеді.

Аспан денесі туралы НАСА JPL ғылыми-зерттеу орталығы хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Мамандардың есебі бойынша, диаметрі 213 метрге жуықтайтын 2020 XU6 астероиді мен Жердің арасындағы қашықтық шамамен төрт миллион километр болады.

Дүйсенбі күні диматері 23 метр 2020 BV9 астероиді мен диаметрі 40 метр болатын 2021 CC5 астероиді де ғаламшар жанынан ұшады. Олардың Жерге жақындауы сәйкесінше 5,6 миллион шақырым және 6,9 миллион шақырым болмақ.

Сонымен қатар, жексенбі күні Жер жанынан диаметрлері 10 және 61 метр болатын 2021 DD1 мен 2021 DK1 астероидтері ұшқаны белгілі болды.

1981
Кілт сөздер:
астероид, жер
Тақырып бойынша
Аспандағы отты шар: Қытайда жұмбақ ғарыш нысаны құлады – видео
Ғарыштан түсірілген таңғажайып суреттер
Жер беті ғарыштан қалай көрінеді - таңғажайып 20 сурет
Жердің ең әдемі бейнесі: Халықаралық ғарыш станциясында таң қалай атады – фото
Мұсабаев: Қазақстанда ғарыш саласын дамытудың екі жолы болды
Архивтегі фото

Мусин "Роскосмос" басшысымен кездесті

18
Тараптар жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің жерді қашықтан зондтау жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ, жедел мәлімет алмасу бойынша сервистерді біріктіру жайы сөз болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады 

Бұдан бөлек, тараптар қазақстандық және ресейлік жерсеріктер өндірушілерінің өнеркәсіптік кооперациясы дамыту, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешенінің жұмысын арттыру мәселелері талқыға салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін одан әрі жан-жақты пысықтауға келісті.

18
Ғарыш айлағы

Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады

50
Жаңа зымыран кешенінен экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады", – делінген хабарламада.

Кездесуде "Бәйтерек" бірлескен ғарыштық зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Оқи отырыңыз: Жердің ең әдемі бейнесі: Халықаралық ғарыш станциясында таң қалай атады – фото

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айында Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы шартқа қол қойған болатын.

"Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешені экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ресейлік "Союз-5" зымыран тасымалдағышы және оның түрлі модификацияларымен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған.

50
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, бәйтерек
Тақырып бойынша
Жердің ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып көрінісі – фото
Назарбаев пен Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенімен танысады
Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып видео
Тоқаев "Бәйтерек" жобасын қадағалап отыр
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
Архивтегі фото

АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы шиеленісті ме?

0
Серіктестік екі тараптың да стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді. Алайда демократия мен адам құқықтары мәселесінде қос мемлекеттің жолы қақ айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Сауд Арабиясы мен АҚШ қарым-қатынасы күрделі кезеңнің алдында тұр. АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі 2018 жылы журналист Джамал Хашукджиді өлтіру туралы баяндаманы жариялағаннан кейін Ақ үй жаңа стратегия жариялады: америкалықтар Йемендегі соғысты тоқтатып, адам құқықтарын сақтауды талап етті, деп жазды РИА Новости.  

Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен 76 саударабиялық азаматқа визалық шектеу енгізу туралы мәлімдеді. Блинкеннің ақпаратына сәйкес, бұл азаматтардың диссиденттерді қорқытып-үркітуге және Хашукджи өліміне қатысы бар көрінеді. Дербес санкциялар Жалпы барлау қызметінің басшысы Ахмад әл Асириге де қатысты болмақ. Барлау баяндамасында Сауд Арабиясы билігін өткір сынға алған The Washington Post газетінің авторын қинап өлтіруге мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның да қатысы бар екені айтылған. Ханзаданың мақұлдауынан кейін журналисті ұрлап әкетіп, оны мүшелеп өлтірген. СІМ бұл айыптауды толығымен жоққа шығарды. Әйтсе де, ханзадаға қатысты жеке шектеулер енгізілген жоқ. Бірақ жаңа президент Джо Байден Эр-Риядты қатаң жазалайтынын мәлімдеген болатын.

"Бір адаммен емес, бүкіл мемлекетпен арадағы қарым-қатынас әлдеқайда маңызды. Біз корольдікті қорғауға тырысамыз", - деген Блинкен Эр-Рияд әрекеттері АҚШ мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес келуі маңызды екенін атап өтті.

Корольдіктің қорғанысын қамтамасыз еткені үшін америкалықтарға мұнайға қолжетімділік беру аталған екі мемлекеттің қарым-қатынасының негізі десе де болады. Оның үстіне Сауд Арабиясы Америка қару-жарағына ең ірі тапсырыс беруші. Серіктестік екі тараптың да стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді. Алайда демократия мен адам құқықтары мәселесінде қос мемлекеттің жолы қақ айырылады.

Корольдің жеке кеңесшісі Салман атап өткендей, Барак Обама президент болған соңғы жылдарда пікірлер қайшылығы туындады. Бұл көбіне Сауд Арабиясының басты қарсыласы – Иранға деген АҚШ-тың қарым-қатынасында байқалды. Екі елдің барлау қызметі қауіпсіздік саласында сәтті әріптестік орнатқанымен, арабтардың монархияны сынаушылармен күресу әдістері АҚШ-тың көңілінен шықпады. Оған Йемендегі проблемалар қосылды. Ақ үй Америка қару-жарағы қолданылған соғыс әрекеттерінің құрбандарына алаңдады.

Ақ үйге Дональд Трамп келгеннен кейін қарым-қатынас біршама жақсарды. Трамп президент қызметіне кіріскенге дейін корольдікті аса жақтырмағанымен, ол өзінің ең бірінші іссапарын дәл осы Эр-Риядтан бастады. Хашукджи өлімі туралы баяндама алдыңғы президент кезінде әзірленген. Бірақ құжат сол уақытта жарияланбады.

"Трамп Вашингтон міндеттерін азайту үшін одақтастарға инвестиция салды. Оның серіктестері, соның ішінде Сауд Арабиясы бұрынғыдан да көп қару-жарақ сатып алып, аймақтағы жағдайда өз бақылауына алуы керек болды. Есесіне АҚШ әәскери-саяси қолдау көрсетіп, одақтастары үшін маңызды бастамаларды мақұлдап отырды", - дейді Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты Халықаралық зерттеулер институты Перспективалы америкалық зерттеулер орталығының директоры Максим Сучков.

Жаңа президент сайлануымен қатар бұл бағдар өзгереді деп болжанған және алғашқы қадамдар жасалып қойды. Байден Йемендегі шабуылдау операцияларын қолдау тоқтатылатынын хабарлады. Оның ішінде қару-жарақ экспорты да бар. Бұл өткен жылдың желтоқсанында мақұлданған 290 миллион долларға дәлдігі жоғары үш мың GBU-39 бомбасы мен сомасы 478 миллион долларды құрайтын жеті мың Paveway IV бомбасын жеткізуге қатысты болып отыр. Вашингтон Йемендегі қақтығысты дипломатиялық жолмен шешетінін мәлімдеді. Оның үстіне ақпан айынан бастап хуситтерді террористік топтар тізімінен алып тастады.

Бірақ сарапшылар екі елдің қарым-қатынасы түбегейлі өзгереді деп күту орынсыз деп санайды. Яғни, стартегиялық жоспар сол күйінде қалады.

"Америкалықтар сонау Обама кезінен бері өз энергетикасы мәселесінде едәуір өсіп, мұнай өндірісінде әлемдегі жетекші орынға ие болды да, Сауд Арабиясына деген қажеттілік азайды. Аймақішілік динамикада көп мәселе ирандық ядро келісіміне тәуелді болып тұр. Эр-Рияд – Тегеранмен қарым-қатынастағы АҚШ-тың басты серіктестерінің бірі. Егер Сауд Арабиясына тым қатты қаталдық танытса, бұл Иран үшін тиімді болады. Хашукджиді өлтіргендерді жазалау үшін АҚШ бұл әрекетке бара қоймайды", - деп санайды Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің таяушығыстық жобалар менеджері Руслан Мамедов.

Таяу Шығыс жөніндегі маман Алексей Хлебников соңғы он жылда аймақта бірнеше жаңалық болғанын еске салды.

"Тунис пен Египеттегі көтеріліс, Мысырда төңкеріс болды және соның салдарынан америкалықтардың Каирге әскери көмегі тоқтатылды. Иранмен келісім тағы бар. Осының барлығы корольдіктерді, соның ішінде Сауд Арабиясын, дипломатиялық байланысты әртараптандыруға және Ресей мен Қытай сияқты басқа да ірі державалармен қарым-қатынасты нығайтуға итермеледі", - дейді саясаттанушы.

Мәскеу де Эр-Риядқа қару-жарақ сатады. Алғашқы партияларды жеткізу 2019 жылы басталды. Содан кейін корольдік Ресеймен ауыр отшашар жүйелері, танкке қарсы кешендер, гранатометтер мен автоматтар сатып алу туралы меморандумға қол қойды. 2021 жылдың басында саудтықтар орыстың С-400 зениттік-зымыран кешендері мен Су-35 жойғыштарын сатып алуы ықтимал екені хабарланды.

"Мәскеу мен Эр-Рияд қарым-қатынасында ОПЕК+ мәмілелерінің де маңызы зор. Бұл екі тараптың да табыс көзін арттыруына септігіни тигізді", - дейді Руслан Мамедов.

Оның айтуынша, Эр-Риядтың Вашингтоннан теріс айналып, оған көптеген проблема туындату мүмкіндігі бар. Бірақ бұл екі мемлекеттің бір-бірі үшін маңызы жоғары.

"Сауд Арабиясы АҚШ-пен қарым-қатынас Ақ үйде қай президент отырғанына байланысты өзгермейді. Себебі екі елдің байланысы бірнеше онжылдық бұрын қалыптасқан. Оны онша-мұнша дүрбелеңдер бұза алмайды", - деп санайды сарапшы.

Онжылдықтарға созылған серіктестік көп салада нәтиже берді. Мысалы, Сауд Арабиясы элитасының басым бөлігі АҚШ-та білім алған, саудтық риал долларға жіпсіз байланып тұр, ал қару-жарақ пен әскери дайындық негізінен америкалықтар тарапынан орындалып жатыр. Мұны өзгерту үшін көп жыл қажет. Сондықтан сыртқы саяси байланыстарды әртараптандыру көпполярлы жаңа әлемнің талаптарына жауап беретін тактикалық қадам.

0