Байқоңырдан ғарыш кемесін ұшыруға үндістандық миллиардер қатысады

© Sputnik / Roscosmos / Медиабанкке өтуЗапуск РН "Союз-2-1а" с кораблем "Союз МС-17" с космодрома Байконур
Запуск РН Союз-2-1а с кораблем Союз МС-17 с космодрома Байконур  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына орай халықаралық станцияға зымыранмен ғарыш кемесін жіберу 9 сәуірге белгіленіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, үкімет мүшелері және SES пен OneWeb шетелдік ғарыш компанияларының топ-менеджерлері Байқоңырдан зымыран ұшыруға қатысады, деп хабарлады РИА Новости.

"Союз МС-18" ғарыш кемесі 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:42-де ұшырылады. Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына ұзақ экспедицияның кезекті экипажы жіберіледі. Бұл ұшу алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына 60 жыл толуына орайластырылып отыр.

Қазақстан премьер-министрімен бірге бұл шараға мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді, цифрлық даму, индустрия және инфрақұрылымдық даму, мәдениет және спорт министрлері, ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, Қазақстан аэроғарыш комитетінің басшылығы қатысады.

Оқи отырыңыз: Байқоңырдан "Прогресс МС-16" жүк кемесі ұшырылды - толық видео

Сонымен қатар Maxar, Planet Labs, SES және OneWeb спутник операторларының топ-менеджменті де келеді деп жоспарланып отыр. OneWeb компаниясының атынан үндістандық миллиардер Сунил Бухарти Миттал қатысады. Ол OneWeb банкротқа ұшырағаннан кейін өткен жылы британдық үкіметпен бірге оны сатып алған болатын.

Жалпы 100-ге жуық лауазымды тұлға қатысады деп көзделуде.

Жаңалықтар
0