Мамин Байқоңырда "Роскосмос" басшысы Рогозинмен келіссөз өткізді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКМамин посетил Байконур
Мамин посетил Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Үкімет басшысына қаланы газдандыру және сумен жабдықтау, туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ "Байқоңыр" АЭА құру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлады Primeminister.kz.

Үкімет басшысына қаланы газдандыру және сумен жабдықтау, туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" АЭА құру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндалды.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКМамин Байқоңырға барды
Мамин Байқоңырда Роскосмос басшысы Рогозинмен келіссөз өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Мамин Байқоңырға барды

"Союз МС-18" басқарылатын кораблінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін бірлесіп бақылағаннан кейін үкімет басшысы "Роскосмос" ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Премьер-министр адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Үкімет басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.

"Міне, 65 жыл бойы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып келген Байқоңыр ғарыш айлағынан 150 ғарышкер кең байтақ ғаламды игерді. Олардың қатарында қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар. Қазақстан мен Ресейдің одан әрі белсенді және жемісті ынтымақтастығы ғарыштық зерттеулер мен басқарылатын ұшулар саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін", — деді Мамин.

Конференцияның пленарлық отырысына "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин, Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, NASA әкімшісінің орынбасары Кеннет Бауэрсокс, қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және Мұхтар Аймаханов, "One Web" және "SES Networks" спутниктік операторларының басшылығы қатысты.

Жаңалықтар
0