Ғарыш, аспан

Әлемдегі ең бай адам ғарышқа ұшты

73
(Жаңартылды 10:31 21.07.2021)
Ішінде экипажы бар капсула ғарышпен шекараға жетіп, қайтадан Жерге оралды. Бұл New Shepard үшін 16-шы сынақ ұшуы. Алайда алғаш рет жолаушылармен аттанды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Техаста бортында миллиардер Джефф Безос бар New Shepard ғарыш кемесі ғарышқа барды.

New Shepard-тың ішінде төрт экипаж мүшесі болды, деп жазады РИА Новости.

Кеме Техастағы Blue Origin алаңынан ұшты. Бортында компания иесі, миллиардер Джефф Безос, інісі Марк, 82 жастағы ұшқыш Уэлли Фанк және 18 жастағы голландиялық ғарыш турисі Оливер Дэмен болған.

Бұл New Shepard үшін 16-шы сынақ ұшуы. Алайда алғаш рет жолаушылармен аттанды.

Ішінде экипажы бар капсула ғарышпен шекараға жетіп, қайтадан Жерге оралды.

73
Тақырып бойынша
Қазақстанның ең бай адамдарының бірі қайтыс болды
Әлемдегі ең бай адамдардың аты-жөні жарияланды
Қазақстанның ең бай адамдарының біріне сот үкімі шықты
"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді
Қытайдың ең бай 15 адамының бірі көз жұмды
Гвоздики

Қазақстаннан шыққан ғарышкер дүниеден озды

3343
(Жаңартылды 18:36 15.06.2021)
Владимир Шаталов 1943 жылы Петропавлда 8-сыныпты бітіріп, Воронеж қаласындағы Әскери-әуе күштерінің арнайы мектебіне түсті

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Петропавл қаласында туған танымал ұшқыш-ғарышкер Владимир Шаталов 94 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін, 15 маусымда екі мәрте Кеңес одағының батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері Владимир Александрович Шаталов 94 жасында өмірден өтті", - делінген "Роскосмос" компаниясы таратқан хабарламада.  

Владимир Шаталов 1927 жылы 7 желтоқсанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Ал балалық шағы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) өтті. Сол жерде мектепке барып, авиамодель үйірмесіне қатысқан.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Владимир алтыншы сыныпты бітірді. Содан Ленинград түбінде қорғаныс бекіністерін тұрғызуға көмектесті. Артынан бір жарым айдан кейін туған жері – Петропавл қаласына отбасымен бірге эвакуацияланды.

Летчик-космонавт СССР, дважды Герой Советского Союза, полковник Владимир Шаталов
© Sputnik / Василий Малышев
КСРО ұшқыш-ғарышкері, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, полковник Владимир Шаталов

1943 жылы ол Петропавлда 8-сыныпты бітіріп, Воронеж қаласындағы Әскери-әуе күштерінің арнайы мектебіне түсті. Оны 1945 жылы тәмамдады. 1949 жылы Качин әскери-әуе училищесін, ал 1956 жылы Әскери-әуе академиясын аяқтап шықты. Сол екі арада Качин училищесінде ұшқыш-инструктор болып жұмыс істеді. Ал 1956-1961 жылдары эскадрилья командирінің орынбасары, эскадрилья командирі, әуе полкы командирінің орынбасары болды.

1969 жылы 14 қаңтарда Владимир Шаталов "Союз-4" кемесімен алғаш рет ғарышқа атанды. Ол бірінші болып "Союз-5"-пен түйісуді іске асырды. Оның қатысуымен эксперименттік ғарыш станциясы құрылып, Алексей Елисеев пен Евгений Хрунов ашық ғарыш арқылы "Союз-5"-тен "Союз-4" кемесіне өтті. Сөйтіп, аман-есен елге оралды.

1969 жылы 13-18 қазан аралығында Владимир Шаталов "Союз-8" кемесінің командирі ретінде ғарышта екінші рет болды. Артынан "Союз-6" мен "Союз-7" ұшырылды. Осылайша, ғарышкерлер тағы бірнеше эксперимент жасады. 

Ал 1971 жылы 23-25 сәуір күндері Владимир Александрович үшінші рет ғарышқа ұшты. Ол кезде "Союз-10" кемесінің командирі болды. 24 сәуірде әлем бойынша алғаш рет "Салют" орбиталық станциясымен түйісу орындалды. Экипаж станция бортына өтті. Бірақ техникалық мәселелерге байланысты экипаж кері қайтты.      

1987-1991 жылдары Владимир Шаталов Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығын басқарды.

3343
Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңырды жалға беру келісімшартына өзгеріс енгізілді сенат заң қабылдады

51
(Жаңартылды 14:59 10.06.2021)
"Байқоңыр" кешенін жалға беруден республикалық бюджетке жыл сайын 115 млн. АҚШ доллары түседі. Ал 27 жылдың ішінде, шамамен 3,1 млрд. доллар төленді

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары 1994 жылғы Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу хаттамасын ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2004 жылы "Байқоңыр" кешенін жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылғанын еске салды. Осыған байланысты 1994 жылғы жалға беру келісімшартының 4-бабына өзгеріс енгізілген болатын. Ендігі кезекте хаттаманы ратификациялау қажет. Депутаттар заңды бірауыздан қабылдады.

"2004 жылғы 9 қаңтардағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы мемлекетаралық келісімде Қазақстанның ғарыш айлағында бірлескен жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш айлағын жаңғырту, жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешендері арқылы ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру көзделген", – дейді Мусин.

Сенатор Талғат Мұсабаев та заңды қолдады. Оның айтуынша, "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алуды ұзарту және пайдалану туралы міндетті іске асыруға мүмкіндік береді.

"Хаттаманы ратификациялау "Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-мәдени әлеуеті мен инфрақұрылымын сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді", – деді Мұсабаев.

Айта кетейік, ресми мәліметке сәйкес, "Байқоңыр" кешенін жалға беруден республикалық бюджетке жыл сайын 115 млн. АҚШ доллары түседі. 27 жылдың ішінде, шамамен 3,1 млрд. доллар төленді.

Оқи отырыңыз: Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады

Бүгінде қалада көп пәтерлі тұрғын үйлерді газдандыру шаралары аяқталды. Соның арқасында газ тарифі 16 есеге төмендеді. Қазақстандық көпбейінді қалалық аурухана мен емхана ашылды. Ал 2019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 50 пәтерлі бес тұрғын үй салынды. Соның бәрі қала тұрғындары мен Қазақстан азаматтарына таратылды.

51
Кілт сөздер:
Сенат, заң, 'Байқоңыр' ғарыш айлағы
Тақырып бойынша
"Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
Байқоңыр тұрғыны 60 теңге үшін 14 жасар баланы соққыға жықты
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
Ғарыш саябағы және автожарыс: Kazakh Tourism Байқоңыр қаласын дамытуды ұсынды
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

0
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы