https://sputnik.kz/20211231/Resei-Baiqonur-nysan-arenda-19030611.html
Ресей Байқоңырдағы 16 нысанды арендадан шығармақшы – дереккөз
Ресей Байқоңырдағы 16 нысанды арендадан шығармақшы – дереккөз
Sputnik Қазақстан
Ресей өзіне қажет емес нысандарды қазақстандық тарапқа 2022 жылдың соңына дейін өткізуі мүмкін 31.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-31T08:09+0500
2021-12-31T08:09+0500
2023-08-10T12:29+0500
ресей
байқоңыр
нысандар
ғарыш
https://sputnik.kz/img/1218/51/12185161_0:0:2286:1293_1920x0_80_0_0_a3b28baf4100e7c246594ee6d0a49966.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Ресей Байқоңыр ғарыш айлағының 16 нысанын арендадан шығармақшы. Олар 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанға қайтарылады, деп хабарлады РИА Новости-ге ғарыш айлағындағы дереккөз."Ресей тарапы ғарыш айлағындағы келешегі жоқ, одан әрі пайдаланылмайтын нысандардың тізімін жасады. Оған Ресей Федерациясы жалға алып отырған 16 нысан кірді", - деді дереккөз.Ол Ресейге керексіз нысандар қазақстандық тарапқа келесі жылдың соңына дейін тапсырылуға тиіс екенін атап өтті. Дереккөздің айтуынша, тізімге тек жылжымайтын мүлік қана енген жоқ, мүліктің бір бөлігінің қалдық құны бар. Қазір арнайы комиссия Қазақстанға тапсырар алдында оны ресейлік кәсіпорындардың есебінен шығару мүмкіндігін пысықтап жатыр.Бұған дейін "Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзіне қажетсіз нысандарды арендадан шығарғысы келетінін мәлімдеді. Ресей бұл нысандарды пайдаланбайды, сондықтан ол үшін жауапкершілік алу ақылға қонымсыз, дейді ол.Оқи отырыңыз: Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі оқытылады – ӘбдіқалықоваРесейдің Қазақстаннан Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алу туралы шартына енгізілген өзгерістер 2021 жылдың жазында күшіне енді. Енді ғарыш айлағы 2050 жылға дейін жалға беріледі. Бұған дейін 1994 жылы қол қойылған шартта Байқоңыр Ресейге жиырма жылға жалға берілетіні айтылған болатын. Аренда мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту туралы уағдаластыққа 2004 жылы қол жеткізілді.Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар төлейді.
ресей
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1218/51/12185161_0:0:2286:1437_1920x0_80_0_0_d8a4ab7adc690c4ac419882ecfa83166.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
ресей, байқоңыр, нысандар, ғарыш
ресей, байқоңыр, нысандар, ғарыш
Ресей Байқоңырдағы 16 нысанды арендадан шығармақшы – дереккөз
08:09 31.12.2021 (жаңартылды: 12:29 10.08.2023) Ресей өзіне қажет емес нысандарды қазақстандық тарапқа 2022 жылдың соңына дейін өткізуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Ресей Байқоңыр ғарыш айлағының 16 нысанын арендадан шығармақшы. Олар 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанға қайтарылады, деп хабарлады
РИА Новости-ге ғарыш айлағындағы дереккөз.
"Ресей тарапы ғарыш айлағындағы келешегі жоқ, одан әрі пайдаланылмайтын нысандардың тізімін жасады. Оған Ресей Федерациясы жалға алып отырған 16 нысан кірді", - деді дереккөз.
Ол Ресейге керексіз нысандар қазақстандық тарапқа келесі жылдың соңына дейін тапсырылуға тиіс екенін атап өтті.
Дереккөздің айтуынша, тізімге тек жылжымайтын мүлік қана енген жоқ, мүліктің бір бөлігінің қалдық құны бар. Қазір арнайы комиссия Қазақстанға тапсырар алдында оны ресейлік кәсіпорындардың есебінен шығару мүмкіндігін пысықтап жатыр.
Бұған дейін "Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзіне қажетсіз нысандарды арендадан шығарғысы келетінін мәлімдеді. Ресей бұл нысандарды пайдаланбайды, сондықтан ол үшін жауапкершілік алу ақылға қонымсыз, дейді ол.
Ресейдің Қазақстаннан Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алу туралы шартына енгізілген өзгерістер 2021 жылдың жазында күшіне енді. Енді ғарыш айлағы 2050 жылға дейін жалға беріледі. Бұған дейін 1994 жылы қол қойылған шартта Байқоңыр Ресейге жиырма жылға жалға берілетіні айтылған болатын. Аренда мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту туралы уағдаластыққа 2004 жылы қол жеткізілді.
Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар төлейді.