Асан Рүстембеков

Жүсіпбек Аймауытовтың жиені қызылордалық ақсақал 60 жыл құпия ұстаған сырын ақтарды

3140
(Жаңартылды 13:21 09.12.2019)
Қызылорда облысы Айдарлы ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Асан Рүстембеков қазақтың жазушысы Жүсіпбек Аймауытовпен туысатын анасының тағдыры туралы әңгімеледі

ҚЫЗЫЛОРДА, 31 наурыз — Sputnik, Ерасыл Шәрібек. Тарих деген тамаша тәмсіл, барды бағалауға, жоқты түгендеуге түрткі дүние. Кешегі аумалы-төкпелі заманда тағдыр теперішін көп көрген ұлтымыздың басынан кешкен ауыртпалығы аз емес. Бас сауғалап, тарыдай шашылған тауқыметін де тарих мойындайды.

Ел ішінде жүргенде көне көз қариялардың әңгімесін қалт жібермей тыңдап отырамыз. Жуырда сондай  өнегелі әңгімеге кезіктім.

Айдарлы ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Асан Рүстембеков алпыс жылдай ішінде құпия ұстаған сырын ақтарып, тарихты тірілткен еді. Енді сол әңгімені айна-қатесіз баяндап көрейін.

"Мен Беркінбайдың баласымын. Сегіз айлық  шақалақ кезімде баласы жоқ деп мені ағасы Рүстембекке берген екен. Енді шешем жайлы кейін білдім. Есімі Рысай болатын. Әкесі Әлжан қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовпен туысатын. Бұлар керекуліктер. Баянауылдан.

Әкем 1900 жылы туған, ауыл молдасынан білім алған, арабша сауатты еді. Қонақ көп түсетін беделді болатын. Ұйымдастырушылық қабілетіне қарай 1922 жылы СОКП қатарына қабылданды да, алдымен ауылдық кеңес төрағасы, сосын колхоз басшысы болды. Сол 1926 жылы Жүсіпбек Шымкент педагогика техникумының (Қызылорда әлі облыс болмай тұрып) директоры кезінде жақсы қатынаста жүріп, қарындасымен танысады. Есімі Рысай еді. Осылай отбасын құрады.

Өздеріңізге белгілі, 1929 жылдан басталған кеңестік қуғын-сүргін Жүсіпбекті айналып өтпеді. Ол Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған еді.

Осы тұста туған-туыстарына да "халық жауының" кесірі тиді. Іздестіру басталды. Тым-тырақай қашуға кірісті. Біз сол зобалаңмен Ташкент ауып, мен сол жақта туғанмын. Сондықтан есімімді Тәшкенбай, егізімнің сыңарын Зухра атаған. Соңына түскен соң құр жібере ме, күйеу баласы деп әкем сотталды. Шымкенттен шешемнің әкесі Әлжан алдымен Сұлутөбеге, одан бері дариядан өтіп, Құмшығанаққа көшіп келді.

Тоқым атам келіні Рысай анама да салқыны тиетінін сезіп, бір түннің ішінде Ташкентке қарай пойызға салып жіберді. "Беркімбай түрмеден аман келсе сенімен өзі хабарласады" деді. Сол кеткеннен хабарсыз кетті. Үш жылдан кейін түрмеден шыққанын естіп, іздеп келеді. Ол кезде анамның аяғы ауыр еді. Ташкентте найман жігіті Жылқыбаймен көңіл жарасып қойған екен. Жылқыбай да байдың ұрпағы болып шықты, конфискацияға ұшыраған соң Өзбекстанды паналап жүрген.

Анамның келгені, мынадай халі әкеме ұнай қоймады. Амал жоқ, қайтадан Тәшкенге кетті. Сол кеткеннен хабар-ошар болмады. Содан 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің бөлім бастығы Құлман інісі Аманкелді совхозының директорына телефон соғыпты. Мен шаруашылықта кассир едім, дереу директор іздеп жатыр дегесін барғанмын. Сөйтсем нағашым екен, телефон тұтқасын маған ұстата қойды.

– Анаңды қабылдай аласың ба? Бір баласымен қалды. Басқасы қайтыс болды, - деді ол.

– Келсін. Мен дайынмын.

Оларды теміржол вокзалынан күтіп алдым. Жетектеген алты жасар баласы бар. Аты – Тойлыбай. Анамды бетпе-бет бірінші көруім. Перзенттік жылылық пен аналық мейірім астасып кетті. Бұл туралы үлкен шешем Бибіхайға айтқанмын, ол: "Тәңір табыстырды ғой. Сен оны құрметте, тағдыры ауыр болды" деді. Мына сөз тіптен бізді жақындатып жіберді.

Бір шешеден туған Тойлыбай сегіз жылдық мектепті бітіріп, техникумға оқуға түсті. Ары қарай әскери борышын өтеуге барды. Кейін Сунақ ата, ХХІІІ партсъезд, Төменарық совхоздарында есепші, бас есепші қызметтерін атқарды. Бірақ өмірі қысқа болды. Ұрпағы бар. Ал, анам 1995 жылы тоқсан жасында дүниеден өтті. Міне, Жүсіпбектің жиені болу себебім осылай",  - деді ақсақал.

Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады демекші сексеннің сеңгіріне шыққан Асан ақсақалдың кітапқа құмарлығы ерекше. Ол кісі айына 28 кітап оқиды екен. Сонда жылына 336 кітаптың бетін төңкереді деген сөз. Бір жылда 365 күн болса, соның 29 күнінде ғана көзі демалатын болып тұр ғой. Ақсақалдың бөлмесіне кірсеңіз құдды бір кітапханада жүргендей боласыз. Қаз-қатар тізілген кітаппен бірге сарғайған газет-журналдарды көріп таңғалдық.

Қарияның қоржынында 1960 жылдан бергі басылымдардың барлық тігіндісі сол қалпында сақталған. "Мен өзі қағаз жыртқан адамды жек көремін. Газетті жыртқанды адам өлтіргенмен бірдей санаймын. Қолыма түскен газет-журнал, кітаптардың шетін бұзғызбай сақтаймын", дейді.

Айтпақшы бірде Айдарлыға Мұхтар Шаханов келіп, ақсақалдың үйіне түсіпті. Екеуі аз-кем әңгімелескеннен кейін Шаханов "Академик ауылда тұрып жатыр екен ғой" деп таңғалыпты. Айтса айтқандай-ақ.

3140
Кілт сөздер:
Жүсіпбек Аймауытов, ақсақал, Қызылорда
Тақырып бойынша
Мұхтар Шаханов: тіпті 2-3 ай пәтерақымды төлей алмай қалдым
"Шаханов намысыма тиді" Танымал адамдар кімге ренжіп жүргенін ашып айтты  
"Сатып кеттің": Дулат Исабеков Сейдімбекке жазған хаты мен анасының жұмбақ өлімі жайлы
Тоқаев Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенін аралады

Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

134
Мемлекет басшысы Абайдың мерейтойына орай кешен аумағында жүргізілген жұмыстарға оң баға берді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты, деп хабарлады Ақорда.

Президент мұражайды көру үшін Жидебайға арнайы барды.

Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында мемориалдық кешен мен Абайдың мұражай-үйі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған. Кіре берісінен басталатын жаяу жүргіншілердің жолынан бастап кешеннің үстіне шығаратын жолға дейін гранит тас төселген. 

Мемориальный комплекс Абай-Шакарим
© Официальный сайт Президента РК
Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

200-ге жуық шырша түбі егіліп, амфитеатрдың төбесі күмбезделген және кіре беріс алаңға үлкен конструкциялық жобалар жасалған.

Президенті атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мемориалдық кешен мен мұражай-үйіне естелікке кітаптар сыйлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жаңғыртудан өткен "Сапар орталығын" аралап көріп, зияратшыларға қызмет көрсету орнының жұмысын көрді.

Мемориальный комплекс Абай-Шакарим
© Официальный сайт Президента РК
Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

Жалпы биыл мерейтойға орай ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кіре беріс жолына асфальт төселген. Абай су ішкен бұлақтың басы толығымен абаттандырылып, шырша, шынар ағаштары отырғызылып, ақынның 45 қара сөзі жазылған мәрмәр тастар қойылған. "Туғанда дүние есігін ашады өлең" деген стелла тұрғызылған. 

Сонымен қатар Құнанбай мен оның әулеті жерленген Ақшоқы қорымының аумағы кеңейтіліп, толығымен абаттандырылған. 

Елімізде тұңғыш рет ұлы Абайдың кемеңгер әкесі Құнанбайға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай музейі салынды. Музей іші заман талабына сай жабдықталған, конференция және экспозициялық залдармен жасақталған. Музейдің экспозициялық залына ұлылар мекенінің тарихынан, өнері мен мәдениетінен, тұрмыс-салтынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, бағалы бұйымдар, тұрмыстық заттар қойылған.

134
Кілт сөздер:
Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады
Тоқаев Қазақстанда Абай мектептерін ашуды ұсынды
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Ақорда ғимараты

Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады

137
(Жаңартылды 18:04 10.08.2020)
Жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілген болатын

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар шетелдік зерттеуші мен аудармашыны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Осылайша, президент жарлығымен Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы Америко Эдельсио (Бразилия), Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид (Мысыр), Түркия жазушысы Кибар Зафер марапатталды. 

II дәрежелі "Достық" ордені берілгендер қатарында әдеби редактор Кошут Леонард (Германия), Кембридж университеті баспа департаментінің басқарушы директоры Манн Джейн (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі), Қытай жазушысы Мәжит Ақбар, Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті Георгий Пряхин бар.

Марапатталғандар қатарына Мадридтегі "Комплутенсе"университетінің профессоры Пуиг Мария Санчес, Армения Республикасы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Хачатрян Шушан, Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы Хуанчжан Ха және Иран Ислам Республикасының жазушысы Шатқам Қажымұхамет та енген.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілді.

137
Кілт сөздер:
зерттеу, Абай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады
Модульді инфекциялық аурухана

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды

3
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, республика бойынша 26 736 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша,  26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

3
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы