Кітап

Ереванда Абай мен Жамбыл шығармалары армян тілінде сөйледі

86
Жуырда 300 таралыммен шыққан жинақ Арменияның жетекші кітапханалары мен жоғары оқу орындарына, сондай-ақ, қазақстандық университеттер мен қорларға жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ереванда Қазақстанның Тұңғыш президенті күніне орай армян тіліне аударылған "Қазақ әдебиетінің антологиясы" кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Қазақстанның Армениядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Жинақ Қазақстанның Армениядағы елшілігінің бастамасымен дайындалған және басылған. Оған 16-21 ғасырлар аралығындағы қазақ жазушылары мен ақындардың түрлі жанрдағы әдеби шығармалары кірген, әдебиеттану және ғылыми мақалалар да бар.

"Екі мемлекеттің бүгінгі тарихында тұңғыш рет ұлы қазақ классиктері мен әдебиет шеберлері Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Тайыр Жароков пен басқа да ұлы перзенттері Ованнес Туманян мен Хачатур Абовянның тілінде сөйлеп кетті. Алайда, бұл қазақ әдебиетінің көрнекті ақын-жазушыларының толық тізімі емес. Жалпы, бұл жинаққа 100-ден астам шығарма енді", - делінген хабарламада.

Армян тіліне аударған және құрыстырған – М.Абогян атындағы әдебиет институты мен Ереван мемлекеттік университеті. Көркем аудармасы мен басылымды дайындауға тәжірибелі армян мамандары атсалысқан.

Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев Мәскеу мемлекеттік университеті жарыққа шығарған екі томдық антология жинағына назар аударды. Сол жинақ та аталған шара аясында армян қауымына ұсынылды.

Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып осы шараға арнайы келді. Ол қазақ ақын-жазушыларының өлеңдері мен шығармалары әртүрлі тілге аударылған кезде ғана сұранысқа ие болатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Абай Құнанбайұлы ұрпағының шежіресі

"Бүгінгі антология –қазақ-армян мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қосылған бағасыз үлес"- деді Жақып.

Басылымның бас құрастырушысы, әдебиет институтының директоры Деврикян екі ел халықтарының шығармашылық әлеуетін дамыту жолында маңызды орын алатын Қазақстан мен Армения арасындағы әдеби сұхбаттасуды жандандыру мәселесіне тоқталды.

Елшіліктің ақпаратынша, 300 таралыммен шыққан жинақ жуырда Арменияның 2 миллион адамды қамтитын жетекші кітапханалары мен жоғары оқу орындарына, сондай-ақ, қазақстандық университеттер мен ұйымдарға, қорларға жеткізіледі.

86
Тақырып бойынша
Абай тұрған үй: ақынның музейіне саяхат – видео
Абай жылы Ресейде қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтың жаңа толқынын тудырады – Швыдкой
Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы
Абай мұрасы бізге қалай жетті - фото
Семейде әуежай мен мектепке Абай есімі беріледі
Абай мінәжат еткен: Семей халқы көне мешітті қалай сақтап қалды - видео
Тоқаев Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенін аралады

Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

119
Мемлекет басшысы Абайдың мерейтойына орай кешен аумағында жүргізілген жұмыстарға оң баға берді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты, деп хабарлады Ақорда.

Президент мұражайды көру үшін Жидебайға арнайы барды.

Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында мемориалдық кешен мен Абайдың мұражай-үйі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған. Кіре берісінен басталатын жаяу жүргіншілердің жолынан бастап кешеннің үстіне шығаратын жолға дейін гранит тас төселген. 

Мемориальный комплекс Абай-Шакарим
© Официальный сайт Президента РК
Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

200-ге жуық шырша түбі егіліп, амфитеатрдың төбесі күмбезделген және кіре беріс алаңға үлкен конструкциялық жобалар жасалған.

Президенті атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мемориалдық кешен мен мұражай-үйіне естелікке кітаптар сыйлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жаңғыртудан өткен "Сапар орталығын" аралап көріп, зияратшыларға қызмет көрсету орнының жұмысын көрді.

Мемориальный комплекс Абай-Шакарим
© Официальный сайт Президента РК
Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

Жалпы биыл мерейтойға орай ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кіре беріс жолына асфальт төселген. Абай су ішкен бұлақтың басы толығымен абаттандырылып, шырша, шынар ағаштары отырғызылып, ақынның 45 қара сөзі жазылған мәрмәр тастар қойылған. "Туғанда дүние есігін ашады өлең" деген стелла тұрғызылған. 

Сонымен қатар Құнанбай мен оның әулеті жерленген Ақшоқы қорымының аумағы кеңейтіліп, толығымен абаттандырылған. 

Елімізде тұңғыш рет ұлы Абайдың кемеңгер әкесі Құнанбайға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай музейі салынды. Музей іші заман талабына сай жабдықталған, конференция және экспозициялық залдармен жасақталған. Музейдің экспозициялық залына ұлылар мекенінің тарихынан, өнері мен мәдениетінен, тұрмыс-салтынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, бағалы бұйымдар, тұрмыстық заттар қойылған.

119
Кілт сөздер:
Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады
Тоқаев Қазақстанда Абай мектептерін ашуды ұсынды
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Ақорда ғимараты

Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады

134
(Жаңартылды 18:04 10.08.2020)
Жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілген болатын

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар шетелдік зерттеуші мен аудармашыны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Осылайша, президент жарлығымен Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы Америко Эдельсио (Бразилия), Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид (Мысыр), Түркия жазушысы Кибар Зафер марапатталды. 

II дәрежелі "Достық" ордені берілгендер қатарында әдеби редактор Кошут Леонард (Германия), Кембридж университеті баспа департаментінің басқарушы директоры Манн Джейн (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі), Қытай жазушысы Мәжит Ақбар, Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті Георгий Пряхин бар.

Марапатталғандар қатарына Мадридтегі "Комплутенсе"университетінің профессоры Пуиг Мария Санчес, Армения Республикасы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Хачатрян Шушан, Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы Хуанчжан Ха және Иран Ислам Республикасының жазушысы Шатқам Қажымұхамет та енген.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілді.

134
Кілт сөздер:
зерттеу, Абай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

0
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы