Тоқаев Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенін аралады

Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

75
Мемлекет басшысы Абайдың мерейтойына орай кешен аумағында жүргізілген жұмыстарға оң баға берді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты, деп хабарлады Ақорда.

Президент мұражайды көру үшін Жидебайға арнайы барды.

Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында мемориалдық кешен мен Абайдың мұражай-үйі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған. Кіре берісінен басталатын жаяу жүргіншілердің жолынан бастап кешеннің үстіне шығаратын жолға дейін гранит тас төселген. 

Мемориальный комплекс Абай-Шакарим
© Официальный сайт Президента РК /
Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

200-ге жуық шырша түбі егіліп, амфитеатрдың төбесі күмбезделген және кіре беріс алаңға үлкен конструкциялық жобалар жасалған.

Президенті атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мемориалдық кешен мен мұражай-үйіне естелікке кітаптар сыйлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жаңғыртудан өткен "Сапар орталығын" аралап көріп, зияратшыларға қызмет көрсету орнының жұмысын көрді.

Мемориальный комплекс Абай-Шакарим
© Официальный сайт Президента РК /
Тоқаев "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады

Жалпы биыл мерейтойға орай ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кіре беріс жолына асфальт төселген. Абай су ішкен бұлақтың басы толығымен абаттандырылып, шырша, шынар ағаштары отырғызылып, ақынның 45 қара сөзі жазылған мәрмәр тастар қойылған. "Туғанда дүние есігін ашады өлең" деген стелла тұрғызылған. 

Сонымен қатар Құнанбай мен оның әулеті жерленген Ақшоқы қорымының аумағы кеңейтіліп, толығымен абаттандырылған. 

Елімізде тұңғыш рет ұлы Абайдың кемеңгер әкесі Құнанбайға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай музейі салынды. Музей іші заман талабына сай жабдықталған, конференция және экспозициялық залдармен жасақталған. Музейдің экспозициялық залына ұлылар мекенінің тарихынан, өнері мен мәдениетінен, тұрмыс-салтынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, бағалы бұйымдар, тұрмыстық заттар қойылған.

75
Кілт сөздер:
Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (61)
Тақырып бойынша
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады
Тоқаев Қазақстанда Абай мектептерін ашуды ұсынды
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Ақорда ғимараты

Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады

122
(Жаңартылды 18:04 10.08.2020)
Жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілген болатын

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар шетелдік зерттеуші мен аудармашыны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Осылайша, президент жарлығымен Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы Америко Эдельсио (Бразилия), Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид (Мысыр), Түркия жазушысы Кибар Зафер марапатталды. 

II дәрежелі "Достық" ордені берілгендер қатарында әдеби редактор Кошут Леонард (Германия), Кембридж университеті баспа департаментінің басқарушы директоры Манн Джейн (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі), Қытай жазушысы Мәжит Ақбар, Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті Георгий Пряхин бар.

Марапатталғандар қатарына Мадридтегі "Комплутенсе"университетінің профессоры Пуиг Мария Санчес, Армения Республикасы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Хачатрян Шушан, Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы Хуанчжан Ха және Иран Ислам Республикасының жазушысы Шатқам Қажымұхамет та енген.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілді.

122
Кілт сөздер:
зерттеу, Абай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады
Абай Құнанбаев

Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады

306
"Қазақфильм" қазақ ойшылы мен әкесі Құнанбай туралы фильмдерді YouTube–каналда тамашалау мүмкіндігін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясы Абай туралы фильмдерді YouTube–каналға жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәкен Айманов атындағы киностудия ағартушының 175 жылдығына орай көрермен назарына үш фильм ұсынып отыр. Сондай-ақ, "Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильмдер" тақырыбындағы картиналар да қолжетімді.

  • "Абай. Өмірі мен творчествосы" деректі фильмі, режиссері - Тимурлан Арганчеев, 1983 жыл 
  • "Абай әндері" көркем фильмі, режиссерлер - Ефим Арон мен Григорий Рошаль, 1945 жыл (Мұхтар Әуезов романы желісі бойынша түсірілді)
  • 25 жыл бұрын түсірілген "Абай" кинолентасы, режиссері - Ардақ Әмірқұлов. Абайдың жастық шағы туралы картина түрлі кинофестивальдерде үздік деп танылды.
  • "Құнанбай" биографиялық фильмі, режиссері - Досхан Жолжақсынов. 2016 жылы түсірілген картина Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайды.

Төрт жыл бұрын картина авторлары әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік премияға ие болды.

Еске сала кетсек, биыл елде Абайдың 175 жылдығы аталып өтеді. Жыл бойы түрлі конференциялар, дәрістер, акциялар мен әдеби эстафеталар ұйымдастырылады.

306
Кілт сөздер:
фильм, Қазақфильм, ақын, Абайдың 175 жылдығы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (61)
Тақырып бойынша
Абайдың экрандағы бағы жана ма – режиссерлердің пікірі
Абайдың мерейтойына қанша ақша жұмсалатыны жарияланды
Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін
Абайдың отаны Семей туралы қызықты деректер
Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0