Спорт

Гір көтергіш жауынгер Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды

© Photo : Пресс-служба Минобороны РКВиталий Диденко
Виталий Диденко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қызметкер 8 мәрте әлем чемпионы әрі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, бұл жолы спортшы ҚР Кубогін ұтып алды.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскерінің орталық спорт клубы спортшысы кіші сержант Виталий Диденко гір спортынан Қазақстанның кубогы, чемпионаттары мен біріншіліктерінің 50 дүркін чемпионы атанды деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғары атаққа әскери қызметші жақында ғана Көкшетауда өз мәресіне жеткен гір екі сайысынан Қазақстанның кубогында жеңіске жетуінің арқасында қол жеткізді. 90 келіден жоғары салмақта Виталий Диденко гір тасын 119 рет оқыс серпіп, 164 мәрте жұлқи көтеріп, алтын медальді еншіледі. 

"Әр түрлі деңгейдегі сайыстарда Қарулы Күштердің намысын қорғап жүргенімді мақтан тұтамын. Бүгінгі таңда гір спорты Қарулы Күштерде қарқынды дамып келеді. Бізде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған және әскери қызметшілер дене даярлығы тұрғысында жеткілікті деңгейде дайындалған", — деп Виталий атап өтті. Спортшы әлемнің 8 дүркін чемпионы болып табылатынын айта кеткен жөн.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде гір спорты 2000 жылдан бастап дамып келеді. Жыл сайын ҚР ҚК-нің чемпионаттарында әскери қызметшілер нормативтер орындайды. Оның нәтижелері бойынша оларға "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағы беріледі. Бүгінгі күні бұл атақты 30 әскери қызметші иемденіп үлгерген.

Жаңалықтар
0