Спорт

"Интер" футзалдан УЕФА кубогін төртінші рет жеңіп алды

© Sputnik"Интер"
Интер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуропалық трофейді испан командасы бұдан бұрын үш рет басқа атпен иеленген болатын

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Испандық футзал клубы "Интер Мовистар" жексенбі күні Алматыда төртінші рет УЕФА кубогін жеңіп алды.

Қайрат ШФК - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Қайрат" ШФК УЕФА төрт кубогының финалына шықты

Жарыстың төрттік финалы Алматыда 28-30 сәуір аралығында өткен болатын. Жұма күні жартылай финалда "Интер" алматылық "Қайрат" командасын 3:2 есебімен ұтты. Сөйтіп, жексенбі күні финалда лиссабондық "Спортинг"командасымен кездесті.

Ақтық ойын 7:0 есебімен "Интердің" пайдасына шешілді. Сонымен, "Интер" клубы УЕФА кубогін төрт рет иеленген жалғыз команда, бірақ алдыңғы үш кубокті "Бумеранг Интервью" деген атпен жеңген болатын.

Жаңалықтар
0