Спорт

Головкин-Альварес реваншы: "Канело" келісімшарттың талабымен келісті

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Реванштың келісімшарты соңғы рет бейсенбі күні кешке немесе жұма күні қаралмақ

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, Сауль Альварес Геннадий Головкинге қарсы реванштың келісімшарт талабымен келісті, деп хабарлайды Sports.kz

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин 2017 жылдың үздік боксшысы атанды
"Біз келісімшарт алмастық. Үш рет қайта қаралды. Соңғы рет бейсенбі күні кешке немесе жұма күні қаралады деген үміттемін. Негізгі бөлімдерінің барлығы келісілді. Шешілмеген кейбір мәселелер қалды, ол да маңызды, алайда басты емес", — деді Гомес Los Angeles Times-ке берген сұхбатында.

Реванш 5 мамырда өтеді деп болжануда.     


Жаңалықтар
0