Спорт

Илья Ильин неліктен спорттан өмір бойына шеттетілмегені белгілі болды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыр атлет биылғы жылдың маусымы немесе қазанынан кейін жарыстарға қатыса алады

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) Сот комиссиясы Илья Ильинге қарсы тәртіптік шара қолдану жұмыстарын аяқтап, спортшы допингке қарсы ережені екі рет бұзғанына қарамастан неліктен өмір бойына спорттан шеттетілмегенін түсіндірді.   

Ұйымның сайтында IWF Дүниежүзідік допингке қарсы кодекске сәйкес барынша қатаң жаза қолданылғаны аталып өткен.   

Илья Ильин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ильин допингке қатысты: не болғанын өзім де түсіне алар емеспін
"Спортшы допингке қарсы ережені екі рет – Бейжің және Лондон Олимпиадаларында бұзғанына қарамастан, IWF қолданыстағы ережеге сәйкес екеуін бір заң бұзушылық ретінде қарастыруға мәжбүр болды, өйткені спортшы екінші рет заңды бұзған кезде алғашқысы туралы хабардар болмаған", — деп жазылған хабарламада.

Осылайша Ильин барынша ұзақ мерзімге – заң бұзушылық анықталған сәттен, атап айтқанда, 2016 жылдың 10 маусымынан бастап спорттан шеттетілді. Ол енді 2018 жылдың 19 қазанынан кейін ғана жарыстарға қатыса алады.

Бұған дейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин құрама спорттан шеттету мерзімін 12 айдан сегіз айға дейін қысқарта алатынын хабарлаған болатын, өйткені ұлттық федерация IWF талаптарының 90%-ға жуығын орындаған. Яғни,  Ильин 2018 жылдың маусымынан бастап жарыстарға қатысуы мүмкін. 

  

Илья Ильин Бейжіңдегі Олимпиада кезінде - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильин пәтер мен сыйақыны мемлекетке қайтарып беруге дайын
Естеріңізге салып өтсек, Илья Ильин допинг сынамасында тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіп алған алтын медалінен айырылған болатын. IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен ауыр атлет екі жылға спорттан шеттетілді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен спортшы Олимпиададан басқа додаларда алған марапаттары мен титулдарын сақтап қалды.  

Айта кетсек, Илья Ильин – үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы, 94 келі салмаққа дейінгі Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.

 


Жаңалықтар
0