Спорт

Головкинге жанкүйерден кеңес: "Канело" қаша бермеу үшін кішірек ринг таңда"

© AP Photo / Isaac BrekkenСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин-Альварес реваншы 5 мамыр өтеді деп жоспарлануда

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль сайттағы чатында жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп жатады. Олардың кейбірі Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz. 

Майк Тайсон - Sputnik Қазақстан
Спорт
Майк Тайсон Головкин-Альварес жекпе-жегінде кімге жанкүйер болғанын айтты
"Дэн, менің ойымша, GGG командасы реваншты шағындау рингте өткізуге қатысты келіссөз жүргізуі керек. "Канело" жиі жүгіреді, ал мұнда Головкин рингті көп айналмаушы еді", — деді жанкүйерлердің бірі. 

"Шаршы алаңның көлемі талқыланбайды. Егер жекпе-жек Вегаста немесе АҚШ-тың басқа қаласында өтсе, онда рингтер барлық жерде бірдей: бұл мәселені комиссия шешеді", — деп жауап қайырды сарапшы. 

Қос боксшы арасындағы қарымта-жек 5 мамыр өтеді деп жоспарланып отыр. 

1XBET букмекер кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынуда: Головкиннің жеңісі — 1.55, Альварестікі — 2.47, тең нәтиже — 21.


Жаңалықтар
0