Қазақстан құрамасы

Қазақстанның футзал құрамасы Украина командасымен тең түсті

36
(Жаңартылды 14:45 29.01.2018)
Қазақстанның футзал құрамасы ақпанда Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне қатысады

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Қазақстан мен Украинаның футзал құрамалары сенбіде Киевте өткен жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең ойнады.

Қос құрама Словенияда 30 қаңтарда басталатын Еуропа чемпионатының ақтық сынына дайынлауда. Қазақстан Ресей және Польша командаларымен бір топта. Еуродағы алғашқы матчы поляктарға қарсы 1 ақпанда өтетін болады.

Қазақстан құрамасы – Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.


36
Кілт сөздер:
спорт, футзал, Қазақстан құрамасы, Киев, Украина
Бокстан құрама жаттығу

Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді видео

3375
(Жаңартылды 13:02 21.11.2020)
Серік Мұсәділов пен Даниэль Нахераның жоспарланған алты раундтық жекпе-жегі 43 секундтан кейін аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. "Панда" лақап атымен танылған жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахераны 43 секунд ішінде нокаутқа түсірді.

Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Хайалиа қаласында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда 43 секундта Мұсәділовтің жеңісімен аяқталды. Нокаутқа түскен мексикалыққа есін жию үшін орындық қажет болды.

Осылайша Серік Мұсәділов өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді – бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Ал Даниэль Нахера кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.

3375
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек, боксшы
Тақырып бойынша
Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Геннадий Головкин

Головкин Шеремета жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

53
(Жаңартылды 12:44 20.11.2020)
Жекпе-жек 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антониода штатындағы  Alamodome залында өтеді жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық танымал боксшының промоутері Эдди Хирн IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шеремета жекпе-жек өткізетін күнді жариялады.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та Сан-Антониода Alamodome залында поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Эдди Хирн мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне растап, жақын күндері жекпе-жек ресми түрде жариялануы мүмкін екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: "Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді

Айта кетейік, бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.

Ал бұған дейін DAZN стримингтік қызметі тек GGG-мен қаржылық шарттар туралы келісуі керек деп хабарлаған.

53
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, спорт, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
"Майк Тайсон деп айқайлады": боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын тістеп алды
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Девушки в масках спускаются по ступенькам

Қазақстанда 27 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 27 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Азап вагондарында" видеоэкскурсиясы (трансляция Сәкен Сейфуллин музейінің Instagram парақшасында жасалады)

11.00 - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының XVI съезі, алдағы Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына байланысты мәселелер талқыланады (Park Inn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы 8а. Аккредитация +7 701 190 00 18, +7 707 716 11 92 телефондары арқылы жасалады)

11.15 - Орталық коммуникациялар қызметі базасында "Junior Eurovision-2020 ("Балалар Евровидениесі") конкурсының финалы туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: "Хабар" агенттігі " АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин,"Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, Қазақстанның "Балалар Евровидениесі конкурсындағы өкілі Қарақат Башанова, Қ.Башанова әнінің авторы Хамит Шанғалиев. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.   

12.30 – "Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму туралы" баспасөз конференциясы. Спикер: Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

16.00 – "Бозайғыр" қобызшылар квинтетінің онлайн-концерті (трансляция Қазақстанның Мемлекеттік филармониясының Instagram парақшасында жасалады)

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавируспен күрес шаралары туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - European Film Festival-дің жабылу салтанаты. Фестиваль эстониялық режиссер және IT кәсіпкер Рейн Раннудың "Погоня за единорогами" фильмімен жабылады. Тікелей эфирде Рейн фильм туралы сұрақтарға жауап береді және жеке тәжірибесін бөліседі. ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен Олов Карлсон мен Эстония елшісі Хейти Мяемеэс те фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлейді (тікелей эфир фестивальдің Facebook және Youtube парақшаларында).

Нұр-Сұлтан

10.00 - Жергілікті брендтерді, жас суретшілер мен Arts, Design and Flears дизайнерлерін қолдау шарасы (Hydra арт-зауыты, Омаров көшесі, 111)

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Алматы  

18.00 – "Корсар" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

19.00 (Алматы) – Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Go for Baroque концерті. Бағдарламаға барокко дәуірінің туындылары енген (Монтеверди, Люлли, Вивальди, Гендель, Перселл, Бах). (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

19.00 – "Италиялық музыка кеші. Верди" концерті (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

29 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары" топтамасы аясында концерт қойылады, Астана Опера театры (Қонаев көшесі, 1)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0